«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Абай облысы Шар қаласында Диалог ұйымдастырылды

Организован Диалог в городе Шар Абайской области 17.10.2024

2024  жылғы 16 қазан күні «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Абай облыстық филиалы Абай облысы Жарма ауданы Шар қаласында орналасқан Жарма технология колледжінде Диалог ұйымдастырды.

Диалогты Жарма технологиялық колледжінің денешынықтыру және спорт пәнінің мұғалімі, «ЖАҢАРУ» РҚБ Абай облыстық филиалының Директоры Талғат Қажмұхаметұлы ҚҰМАРОВ ашып, модератор болып жүргізіп отырды.

Бұл іс-шараға:

- Ердос Кәкітайұлы МҰРЫНБАЕВ, Абай облысы Жарма ауданы Шар қаласының Әкімі;

- Марат Сағындықұлы ҚАРАҚАНОВ, Жарма ауданының мәслихат депутаты, самбодан Қазақстан Республикасының және Азия чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, Әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері;

- Нұрлан Шағибасұлы ТРАЙСПАЕВ, Жарма ауданының Ауған соғысы ардагерлері ұйымының Төрағасы;

- Ержан Нұрланұлы ТЕЛЬЖАНОВ, Жарма аудандық полиция бөлімі Басшысының қызметін атқарушы, полиция подполковнигі;

- Дәурен Думанұлы ӘЛЖАПАР, Шар қаласы полиция бөлімінің Басшысы;

- Тоқтарғазы АЙКИМБЕКОВ, Шар қаласы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы;

- Роллан ЕСЕНҚАН, Шар қаласы жастар ресурстық орталығының Директоры;

- колледждің студенттері мен жас мамандары;

- бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері;

- «ЖАҢАРУ» РҚБ белсенділері қатысты. 

Диалог соңында  колледждің студенттері мен жас мамандары лауазымды тұлғаларға сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.

Бұл Диалог «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның шеңберінде өтті.

Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі



WhatsApp Image 2024-10-18 at 17.18.17 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-10-18 at 17.17.38.jpeg


WhatsApp Image 2024-10-18 at 17.17.38 (1).jpeg




Тізімге оралу