Әлеуметтік жоба
«Жастарды құқықтық тәрбиелеу—сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі»
Қарасай ауданында мемлекеттік орган өкілдерімен кездесу
2026 жылғы 19 қарашада Алматы облысының Қарасай ауданында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Алматы облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында мемлекеттік орган өкілдерімен кездесу іс-шарасы өткізілді.
Көкшетауда арнайы есепте тұрған жасөспірімдермен жұмыс істейтін мамандарға арналған оқыту курсы өтті
2026 жылғы 19 қарашада Көкшетау қаласында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Ақмола облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» әлеуметтік жобасы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Арнайы есепте тұрған жастармен және жасөспірімдермен жұмыс істейтін мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру» тақырыбында оқыту курсын өткізді.
«ЖАҢАРУ» мен Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру жолдарын талқылады
2026 жылғы 9 қарашада Ақтөбе қаласында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының Қоғамдық кеңесі мен Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығы КММ «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында кездесу ұйымдастырды.
