ЖОБА АЯСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ

121

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен және  ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму Министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығының қолдауымен «Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу» атты әлеуметтік жоба аясында Каспий заманауи жоғары колледжінде қоғамдық тыңдау өткізілді.

Іс-шараның мақсаты- жастардың бойында жемқорлыққа деген жеккөру сезімін ояту, жемқорлыққа төзбейтін жастарды тәрбиелеу, жастардың құқықтық сауаттылығын, нормативтік-құқықтық актілердің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуының барысы туралы хабардар ету, нақты көмек көрсетуді қамтыды.
Жоба аясындағы маңызды кездесуге «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Атырау облыстық филиалының басшысы О.Т.Қаршегенов, Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің директоры М.Х.Мұхтаров, Атырау қаласының «Жастар Ресурстық орталығының басшысы С.Н.Қадыров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Д.Лұқпанова, Атырау қалалық мәслихатының депутаты В.Р.Құлмағамбетовтер қатысты.

Осы мақсатта Атырау қоғамдық бірлестігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарына енгізілген жаңашылдыққа байланысты аталған жоғары оқу орындарында комплеанс-қызметтер құрылып, департаментпен тығыз байланыс орнатылып, белсенді жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, «ЖАҢАРУ» РҚБ жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу, жастардың бойында адалдық, әділеттілік сезімдерін орнату мақсатында құрылған «Адалдық айнасы» Жастар қанаты- жастар ұйымының Ережесі қабылданып, барлық өңір филиалдарында қызу түрде талқылануда.

« ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі