Жоба аясында қорытындылау жасалды

248

Астана қаласы, 25 қараша

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ- нің Орталық аппаратында «Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру»   атты әлеуметтік жоба аясында жасалған нәтижелі жұмыстардың қорытындысы туралы есеп беру жиналысы өтті. Оған «ЖАҢАРУ» РҚБ-нің  төрағасы М.Семғалиев,  төраға орынбасары Б.Мамраев, төраға орынбасары, Астана қалалық филиалының директоры Д.Рахметуллин, Жамбыл облыстық РҚБ филиалының директоры Қ. Төлендиев, Ақтөбе облыстық  РҚБ филиалының директоры Қ.Сабыр,   Ұлытау облыстық филиалының директоры С.Оспанов, Сарыарқа аудандық филиалының директоры Б.Ысқақов, филиал директорының орынбасары Ү.Қалымбетова, «ЖАҢАРУ» қоғамдық кеңесінің мүшесі С.Қойбақ  қатысты. Жиналыс «Zoom»  онлайн-форматында өткізіліп,  оған қоғамдық бірлестіктің өңірлік филиалдары да белсенді қатысты.Жоба аясында  атқарылған жұмыстарды сараптай  келіп «ЖАҢАРУ»  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы РҚБ-нің төрағасы  М.Семғалиев: Маңызды атқарылған шараларға қоса бүгінгі таңда қоғамдық бірлестік  жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жас қыран» жастар ұйымы құрылып, оның құрамына аймақтардан 633 жас тіркеліп, белсенді түрде жұмыс жасалуда. Өңір филиалдары бойынша 11 қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, 297 адам қабылдауға қатысып, тиісті мәселелер өз шешімін тапқан. 13 дәріс оқылып, 6 шеберлік класы өткізілген. Алдағы жұмыс жасау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тосқауыл қою бағытында жалпы қоғамда, соның ішінде жастарға дұрыс түсіндіру, ағарту жұмыстарын дер кезінде жүргізу, аймақтағы филиалдардың сапалы, нақты, нық қадамдармен ғана алға басу керектігін, сондай-ақ әрбір атқарған іс-шараға жіті қарап, терең үңілу керектігін назарға алды.Жиналыс күн тәртібінде «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ-нің төрағасын қайта сайлау туралы мәселе қойылып,  оған қатысушылар РҚБ-нің төрағасы етіп бірауыздан Мэлс Зайноллаұлы Семғалиевті тағайындады. Сонымен қатар  кеңес мүшелерінің құрамы бекітілді.

«ЖАҢАРУ» РҚБ  баспасөз қызметі