Жоғарыға жетелейтін Жолдау!

29

Бүгінгі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарға арналған Жолдауы аса көңілімнен шықты, ерекше әсер қалдырды. Оның ең маныздылығы — қазақстандықтардың өмір сүру жағдайын жақсартуға, азаматтық қоғамның рөлін арттыруға, мемлекет пен қоғам арасындағы үнқатысуды дамытуға бағытталғандығы. Міндетіміз — халықтың үнін еститін, «тыңдайтын мемлекет» концепциясын құру деді Мемлекет басшысы.

Ол дегеніміз азаматтардың орынды сұраныстарына жедел және тиімді үн қату, жауап беру деген сөз. Сондықтан азаматтық қоғамды қолдап, жалпымемлекеттік мәселелерді талқылауға тарту тұралы айтылды.

Сол үшін де елімізде қоғамдық сенім Ұлттық Кеңесі құрылғаны жеткізілді. Қоғамды толғандыратын негізгі мәселерді шешу үшін біз оларды көшеде емес, Парламентте және азаматтық талқылау кезінде шешуіміз керек дегені ұнады. Және халықпен кері байланыстың тиімділігін, үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыруы туралы да айтылды. Мемлекет басшысы күн тәртібінен жүйелі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әлі түспегенін, құқықтық — нормативтік актілер жобаларын коррупцияға қарсы сараптамадаң өткізуді қайтару, коррупциялық кылмыс жасаған қызметкер үшін бірінші басшының жауапкершілігін қарауды заңдастыру керектігіне тоқталды. Осы мәселелерді «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестіктің соңғы 5 жылдан бері ұсыным ретінде көтеріп жүргені көпшілікке аян. Сонымен қатар, Президенттің «Қарапайым заттардың экономикасы» жобасы- ол біздің жұмысымыздың басымдығының бірі деді. Біздің облыста бұл жобаны жақсы қолға алып жатқанын білемін. Биыл жаз бойы облыс әкімі бастаған топ, барлық аудандардың, әр ауылдын ауласын бірге аралап, отбасының, шаруа қожалығының табысын арттыру жолдарын түсіндіріп, үйретіп, пысықтап бергені есімізде. Нәтижесін көреміз.

Жер мәселесіне тоқталып Президент » Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды»! деп басып айтты. Және бұл туралы қауөсет таратуды доғару керек, деді.

Сол сияқты,жергілікті органдар жұмысының тиімділігін арттыру. азаматтарға жергілікті билік қолжетімді болуы, осы орайда, пилоттық режимде билік қызметінің тиімділігін бағалайтын пилоттық жобаны ұсынды.

Қасым- Жомарт Кемелұлы сөзінің соңында:
«Бәріміз бірге болсақ еліміз бұдан да зор жетістікке жетеді» , деді. Расында да солай ғой! Президентіміздің алғашқы Жолдауы жүрегімнің төрінен орын алды, толығымен қолдаймын,! Орындалуына барынша атсалысамын! Барлық отандастарымды осыған шақырамын!

Қасымхан Төлендиев,

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы
жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ
Жамбыл облыстық филиалы директоры