Жемқорлықты жою басты мақсат

223

Ағымдағы жылдың 5 наурызында «Antikor ortalygy» сервистік орталығының базасында Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және «Жаңару» АОФ облыстық техникалық реттеу және метрология департаментінің еңбек ұжымымен жүздесті.

Іс-шараға департамент басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Досанов, ақпараттық-ағарту штабының мүшесі Қайрат Сабыр, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің бас маманы Нұрхат Мұңайтбасов қатысты.
Кездесу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілер арасында парасаттылық қағидаттарын нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Пікірталас барысында Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының басым бағыттары, жаңа заңнамалық жаңалықтар қозғалды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғамның рөлі туралы айтылды.
Сонымен қатар, қатысушылар « Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» порталының мүмкіндіктерімен танысты.