27 ақпан 2023 жылы «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ-ің Астана қалалық филиалының қолдауымен, Астана қаласы Әкімдігінің «№86 мектеп — гимназия» КММ ұстаздар ұжымының қатысуымен жемқорлыққа қарсы кезекті дәріс (лекция) шарасы өткізілді.
Модератор ретінде «ЖАҢАРУ» РҚБ-нің Алматы аудандық филиал директоры Қаппаров Дарын Құралұлы 2023 жылы 25 қаңтарда «Алматы» ауданы аппараты әкімінің бекіткен кезекті іс-шара жоспары бойынша бүгінгі кездесудің мақсатына тоқталып «ЖАҢАРУ» РҚБ-ің тарапынын атқарылған жұмыстары туралы айта келе сөз кезегін «ЖАҢАРУ» РҚБ-і төрағасының орынбасары Астана қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Рахметоллаұлына берді.
Сөз басында Дәулеткерей Рахметоллаұлы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет деді.
Шараның басты мақсаты болашақ оқушы жастар арасында “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінікті қалыптастыру, шара барысында пікірталас алмасу арқылы, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу сынды кағидаларын жастар санасына қалыптастыру болып бағытталады деп атап өтті.
Ұстаздардың санасына Қазақстан Республикасына адал қызмет етуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңды насихаттап, құқықтық мағлұмат беру мақсатында өткізілген шара өз нәтижесін береді деп сенеміз деді.
Кезекті сөз алған мектеп директоры Сыздықова Базаргүл Сағындыққызы мектеп ауласына қатысты келесідей өз ұсынысын атады:
- М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназияның арт жағындағы территория мектеп оқушыларының жолдан өтуі үшін өте қауіпті. Соған байланысты мектеп атына лайық М.Әуезов аллеясын ашуды қолға алу;
- Мектепке қарай өтетін жол қиылыстарында оқушылардың өмір қауіпсіздігі үшін аудио және жарық беретін бағдаршамдардың орнатылуын;
- Мектеп жанына жақын автобус бағыттарын қосу және аялдамаларының орналасуына ұйытқы болу;
- А.Бөлекпаев, А.Байтұрсынов көшелеріндегі қиылыста мектепке бері қарай үлкен асфальт жолдың шетінде жаяу жүргіншілер өтетін жол жиектерін салуын қадағалау.
Аталған шараға «ЖАҢАРУ» РҚБ-і аппарат басшысы Әлиев Қабдулла Хамитұлы, қоғамдық белсенділер Дина Жұматайқызы, Ерлібек Шайкемелов, Балнұр Жұмахан қатысып отырды.
“ЖАҢАРУ” РҚБ
Орталық аппараты.