«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Ақтөбе облысы филиалының өңірлік Кеңес мүшелері Алға ауданына іс-сапармен барды. Алдыңғы кезекте делегация аудан әкімдігінің барлық қызметтеріне еркін қол жеткізу қағидаттарына назар салып «Оpen space» жобасының жұмысымен де танысты.
Содан соң «ЖАҢАРУ» РҚБ өкілдері «Қолжетімді әкімдік» жобасы аясында халыққа қызмет көрсететін жер қатынастары, ХҚО, банк мекемелерін «Халық кеңсесі» қағидаты бойынша орналастыру үшін қайта жаңартылып жатқан ғимараттарды аралады.
Делегация мүшелері алдында аудан жастары «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясын ұйымдастырды. Оған МҚІСЖҚ қызметкерлері, жас мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Акция барысында бейне роликтер көрсетіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы «Сыбайлас жемқорлық қол сұғушылықтан өзін қалай қорғау керек» туралы 60-тан астам күнтізбе таратылды.
Жастарға мектеп оқушылары үн қосып «Біз жемқорлыққа қарсымыз» үндеуімен флешмоб ұйымдастырды.
Бұл кездесуде Кеңес мүшелері баяндама жасап, еңбек жастарына сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылыққа кезіккен жағдайда қандай шаралар қолдану керектігін түсіндіріп, заңнамадан хабардар етті.