ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ПӘРМЕНДІ КҮРЕС ЖҮРГІЗУ

169

Үстіміздегі жылдың 22 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелері университетінің ғимаратында, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның қолдауымен «Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» атты әлеуметтік жоба шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті бірлескен іс-шаралар жоспары аясында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында университет студенттерімен кездесу ұйымдастырды.

Кездесудің негізгі мақсаты- студенттер арасында парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шараға ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының төрағасы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының авторы , академик А.Әйтімов, БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Б.Хайруллин, М.В. Ломоносов атындағы ММУ жетекші ғылыми қызметкері, Дубна университетінің профессоры, Стратегиялық бастамалар агенттігінің сарапшысы, техника ғылымдарының докторы С.Кибальников қатысып өз пікірлерімен алмасты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді күрес жүргізу үшін құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру, халықтың құқықтық сауатсыздығын жою қажет. Халық өз құқықтарын, нақты жолдарын, оларға қарсы қандай да бір заңсыз іс-әрекеттер жасаған жағдайда қандай іс-әрекеттер жасау керектігін толық білуі тиіс. Бүгінгі күннің басты мақсаты- конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясатты жүргізу, мемлекет пен азаматтардың тыныс-тіршілігінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін және оның көріністерін азайту, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту болып табылады.

Кездесу барысында студенттер тек тыңдап қана қоймай, сонымен қатар қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысты өз сұрақтарына жауап ала алды.
Сондай-ақ, заң факультетінің студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жобалармен таныстырды.
Шара барысында «ЖАҢАРУ» РҚБ-і жанынан жаңа құрылған «Адалдық айнасы» атты Жастар Қанаты-жастар ұйымының барлық өңір филиалдарында бастау алып, олардың тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарқынды күрес жүргізу жолында жан-жақты ұсыныстар қабылданып, ұйым ережелері қызу талқылануда.

« ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі