Жегі жемқорлықтың жеңі қайда?

503

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Ақтөбе облысындағы филиалы Қарғалы ауданына әлеуметтік тапсырыс аясында іс-сапармен барды. «ЖАҢАРУ» РҚБ облыстық және қалалық Кеңес мүшелерінің тобы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, мектеп, аудандық орталық аурухана, коворкинг орталық ұжымдарымен кездесіп, әкімдіктегі «Оpen space» қайта құру нысанын, мектеп директорының фронт-офисін, аудандық ауруханада құжаттаудың сандық технологияларын көріп қайтты.

Одан әрі жаңарулықтар аудан тұрғындарының, оның ішінде шағын және орта бизнес, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік қызмет өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді. Кездесу екі жақты ашық әңгімеде түрінде өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мамандары баяндама жасап, «ЖАҢАРУ» РҚБ облыстық және қалалық мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берді.

Қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға тұшымды жауаптар беріліп, аудан тұрғындары ҚР «Пара беру туралы» ҚК 367-бабымен таныстырылып, тәулік бойы жұмыс жасап тұрған орталықтың нөмірі ұсынылды.

Сондай-ақ кездесу барысында ақпараттық буклеттер, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі жеті бағыты», «Сыбайлас жемқорлық туралы не білу керек?» сынды парақшалар және плакаттар таратылды.

Менш.ақп.