ЖАСТАРМЕН ӨТКІЗІЛГЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

127

«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық  қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен студенттермен «Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар» тақырыбында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу мақсатында тұрақты түрде маңызды   кездесулер өткізіліп келеді. Жуырда  филиал директоры Қ.Сабыр жастарды жеке қабылдады. Сонымен қатар, студенттерге сауалнамалар жүргізіп, проблемалық мәселелерді зерделеді.

Кездесудің басты мақсаты- жастардың құқықтық сауаттылығын, нормативтік-құқықтық актілердің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, жастарды мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асырылуы барысы туралы хабардар ету, оларға нақты көмек көрсету, жастар саясатын жүзеге асырудағы проблемалық мәселелерді талқылау, оларды шешу болып табылады. Бүгінгі заманда жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың таралуына басты себептер- жастардың жұмыссыздығы, жастардың құқықтық санасы мен білімінің төмен болуы, олардың өздеріне деген сенімсіздігінің аз болуынан. Сондықтан жас буынға сыбайлас жемқорлықтың орасан зор салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу, ағарту шараларын қолға алу, жастардың ой-санасына жемқорлыққа қарсы мәдениетінің дұрыс қалыптасуына, олардың өз құқықтары мен міндеттерінің терең ұғынуына және орындауына көмектесуіміз қажет. Сондықтан, жастармен аталмыш кездесулерді жиі өткізіп келеміз және алдағы уақытта да жоспарда бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда этникалық ерекшеліктерді негізге алу еліміздің әлеуметтік-мәдени дамуы мен рухани жаңғыруына, мемлекетіміздің алға қойған стратегиялық бағыттағы жоспарларына қол жеткізуге, мәңгілік ел болып қалыптасуына маңызды жағдайлар туғызатыны сөзсіз.

Ел ертеңі — жастардың қолында -демекші, барлық шараларды осы жастарымыздан бастап, олардың санасын дұрыс қалыптастыруға ықпал жасап, жемқорлыққа қарсы шараларды ұйымдастыру алдағы уақытта да шешімін таппақ.

«ЖАҢАРУ» РҚБ-нің баспасөз қызметі