Жастармен өткізілген маңызды кездесу

133

Астана қаласы, 2 желтоқсан.

«ЖАҢАРУ» Cыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚР Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамдық кеңес мүшесі Мэлс Зайноллаұлы Семғалиев 9 желтоқсан- халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес  күніне орай Еуразия гуманитарлық институтында студенттермен маңызды кездесу өткізді. Ондағы мақсат-сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру барысында барлық адамның заң аясына бағынып, таныс-тамырлық пен пара беру әрекеттерін мүлдем болдырмау бағытында, сондай-ақ жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруды көздеді.
Кездесуге Еуразия гуманитарлық институтының проректоры Я.Н.Оспанова, кафедра меңгерушісі Қ.З.Идрисов, сонымен қатар 200-ге тарта студенттер толқыны қатысты.«Бұл бағытта «ЖАҢАРУ» қоғамдық бірлестігі биылғы жылы «Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу» атты әлеуметтік жоба аясында нақтылы жұмыстар жасалып, маңызды кездесулер мен дөңгелек үстелдер, жастардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында рейдтер жүргізіліп, таяуда «ЖАҢАРУДЫҢ» жаңа газеті де жарыққа шықты. БҰҰ, ЕҚЫҰ халықаралық ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста жасап отырған қоғамдық бірлестік мемлекет тарапынан қабылданған заңдардың дұрыс орындалуын халыққа жеткізіп, Әдеп кодексінің, укіметтік емес ұйымдар жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаларын талдап отырамыз»-деді кездесу барысында «ЖАҢАРУ» РҚБ төрағасы М.Семғалиев.
Іс-шара барысында студенттер көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, оған нақтылы жауаптар алды.

«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі