ЖАСТАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА

119

«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ-нің Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары А. Қонарбаев және РҚБ мүшелері А.Шамшадинова, Қ.Изенов Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу» атты әлеуметтік жоба шеңберінде Ақтау қалалық политехникалық колледжінің жатақханасына рейд жұмыстарын жүргізді.
Жүргізілген іс-шараның басты мақсаты – студенттердің  оқу орны жатақханаларындағы тыныс-тіршілігі, жағдайларымен танысу, студенттердің оқыту және орналасу жағдайларын білу, өрт қауіпсіздігі талаптары және санитарлық нормалардың өз деңгейінде сақталуын қадағалауды қамтыды.

Рейд жасау барысында аталған оқу орнына бақылау жасап, студенттердің жатақханамен қамтамасыз етіліп, орнықты бөлмелерінің болуы, жан-жақты толыққанды білім алулары үшін қажетті жағдайдың жасалғанына түбегейлі бақылау жүргізілді. Осы орайда студенттерге жайсыздық тудыратын бірқатар кемшіліктер де анықталды. Мәселен, ерлер әжетханасының үстіңгі жағынан су кетуі, көгерген жағымсыз иістің шығуы, әр қабатта тоңазытқыштың болмауы, сонымен қатар қауіпсіздік жағынан бейнекамералардың орталыққа қосылмауы- жастардың тұрғылықты жерде жақсы білім алуына кедергі келтіретіні рас.

Филиал тарапынан анықталған кемшіліктер жөнінде оқу орны басшысына ескертілді. Алдағы уақытта кемшіліктердің орны толтырылып, жатақхана өз деңгейінде талапқа сай жұмыс жасайды деген сенімдеміз.
Сонымен бірге жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ұстанымдарын қалыптастыру мақсатында — бүгінгі таңда жоба аясында Жастар ұйымы құрылып, оның арнайы «Ережесі» бекітіліп, барлық өңір филиалдарында талқыланып, ой-пікір, ұсыныстар қабылдануда.

«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі