ЖАСТАРДЫҢ СЕНІМ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ

227

«Жастардың құқықтық сауаттылығын және жастардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» атты тақырыбында онлайн-офлайн форматта семинар-тренинг өткізілді.

Жобаның тұсаукесер шарасының модераторы «ЖАҢАРУ» РҚБ төрағасы, жоба жетекшісі Семғалиев Мэлс Зайноллаұлы болды.

ЖАҢАРУ РҚБ-і бірлестігінің құрметті төрағасы Әбдікәрімов Оралбай Әбдікәрімұлы , «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Мамраев Бейбіт Баймағанбетұлы, жоба менеджері Қабдолла Хамитұлы Алиев, баспасөз хатшысы Бақтыбай Жұмадильдин жоба серіктестерінің уәкілі генерал Койбаков Сейтжан Молдабекұлы, «Жас қыран» жастар ұйымының жетекшісі Талғат Нұрдаулет және «ЖАҢАРУ» РҚБ-і белсенділері және де ҮЕҰ мен ҰКП, «Әдеп» жобалық кеңсесі, аймақтардағы қалалық,аудандық  маслихат депутаттары, «Аманат», ҚХП, «Ақ Жол» «Ауыл» партиялары және кәсіподақ өкілдері, ҮЕҰ мен ҰКП және БАҚ өкілдері қатысты.

Жастардың құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктерден хабардар болу, құқықтық қорғалу және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, жастар ортасында құқық қорғау органдарының оң имиджін іске асырылуының барысы туралы хабардар ету, нақты көмек көрсету айтылды.

Еліміздің аймақтарында жоба аясында мемлекеттік органдар, құқықтық тәртіп, қоғамдық кеңестер, сарапшылар қауымдастығы, ардагерлер және басқа да ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен кездесулер, пікірталас алаңдары, дәрістер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу. Түрлі жастар акцияларын, флеш-мобтарды өткізу. Өткізілген шаралардын қорытындылау және де жоба аясында өткізілген жұмысының қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға жіберілетін ұсыныстарды қабылдау жоспарлануда.

***

В офисе РОО «ЖАҢАРУ» состоялся онлайн-офлайн семинар-презентация по теме повышение уровня информированности, правовой защищенности и правовой грамотности молодеж от противоправных действий и бездействий,укрепление положительных образов правоохранительных органов в молодежной среде.

Модератором мероприятия выступил председатель РОО «ЖАҢАРУ», руководитель проекта Семгалиев Мэлс Зайноллаевич.

В семинаре приняли участие почетный председатель РОО «ЖАҢАРУ» Абдикаримов Оралбай Абдикаримович, заместитель председателя РОО «ЖАҢАРУ» Мамраев Бейбит Баймаганбетович, менеджер проекта Алиев Кабдулла Хамитович, руководитель пресс-службы Бақтыбай Жумадильдин, уполномоченный партнеров проекта генерал Койбаков Сейтжан Молдабекович, руководитель молодежной организации «Жас Қыран» при РОО «ЖАҢАРУ» Талғат Нурдаулет и активисты РОО «ЖАҢАРУ а также представители НПО и НПП, представители государственных органов, депутаты городских и районных маслихатов в регионах, представители партии «Аманат», ҚХП, «Ақ Жол» «Ауыл» а также СМИ.

По регионам планируется организация и проведение встреч, дискуссионных площадок, лекций, круглых столов с участием представителей государственных органов, правопорядка, общественных советов, экспертного сообщества, ветеранских и других НПО. Проведение различных молодежных акций, флеш-мобов. Подвести итоги проведенных мероприятий в рамках проекта, а также принять предложения, которые будут направлены в соответствующие государственные органы по итогам работы, проведенного в рамках проекта.

Пресс-служба РОО «ЖАҢАРУ»