ЖАСТАРДЫҢ ӨРКЕНДЕУІ ҮШІН ТҮБЕГЕЙЛІ ҚАМҚОРЛЫҚ ҚАЖЕТ

110

11 тамыз күні  “ЖАҢАРУ”  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігінің ҚР АҚДМ “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КеАҚ қолдауымен  “Жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу” атты әлеуметтік жобасы аясында “ЖАҢАРУ” РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық  филиалының  Алматы аудандық филиалы жастардың  студенттік жатақханалардағы және спорттық обьектілердегі  жай күйін көзбен көру, шұғылданып жатқан істерінің жай-жапсарын білу  мақсатында  рейд жұмыстары  ұйымдастырылды. Оған “ЖАҢАРУ” РҚБ-нің төраға орынбасары, Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Д.Р.Рахметуллин, “ЖАҢАРУ” РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиал директорының орынбасары, Алматы аудандық филиалының директоры Д.Қ.Қаппаров,   Алматы ауданы әкімінің орынбасары Р.М.Аблазимов, КММ Астана жастары    Астана  қаласының аула клубтарын дамыту жөніндегі бөлімінің бастығы А.А.Асқаров ,  “ЖАҢАРУ” РҚБ-ің аппарат басшысы Қ.Х.Алиев, “ЖАҢАРУ” РҚБ-нің Астана қалалық филиалының баспасөз хатшысы А.С.Мұсабаевалар   белсенді түрде қатысып, аталған обьектілерді  көріп,  келелі өзекті мәселелерді  бірге талқылады.

Аула клубтарының жастардың түрлі спорттық және қолөнер тағы да басқа үйірмелермен қамтамасыз етілуіне, жастардың бос уақытын дұрыс пайдалануына, дамуына, білімдерін толықтыруларына берер пайдасы өте зор. Бүгінгі таңда Алматы ауданы бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының балаларына, 18 бен 29 жас аралығын қамтитын жас жеткіншектерге аталған үйірмелер, спорт мектептері жұмыс жасауда. Олардың қатарында   “Азимут” спорт клубында   таэквандо, еркін күрес, бокс түрлеріне қоса  би үйірмесі 120-дан астам оқушыны  тегін қамтамасыз етіп отыр.        Ал осы ауданның Нәжімеденова көшесіндегі  қолөнер орталығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Онда алдағы уақытта жеткіншектерге арналған колординг орталығын ашу: оның ішінде шахмат, стол теннисі, компьютер сыныптары жұмыс жасайтын болады деп күтілуде.  Абылайхан көшесіндегі спорт мектебіне  де күрделі  жөндеу жұмыстары жасалса, 2023 жылға дейін беріледі деп жоспарлануда. Аула клубтарының жұмысын көріп, танысу барысында көптеген шешімі табылмаған  өзекті мәселелердің де бар екендігі алға тартылды.  Осы орайда КММ Астана жастары Астана қаласының аула клубтарын дамыту жөніндегі бөлім бастығы Асқаров Асхат Асқарұлы:  “Аула клубтарының заңды түрдегі құқықтық статусы жоқ, ал онсыз жұмыс жасау өте қиын.Тағы бір күрделі мәселе- Спорт Басқармасы 3000 балаға 2 миллиард ақша бөлсе, ал бізге Жастар саясаты Басқармасы бір жылға 200 миллион ғана қаржы бөледі. Не деген сәйкессіздік!  Ал бүгінгі таңда бізге келіп тұрған балалардың саны 3500 –ді құрайды. Клубтардың жартысынан көбі жертөлелерге орналасқан, ешқандай санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмейді. Одан соң үйірмелерде қызмет атқаратын тренер-бапкерлерге төленетін жалақы мөлшері өте аз, ешкімнің мұндай аз ақшаға жұмыс жасағысы келмейді”-деп нақтылы атап өтті.    Рейд барысында қоғамның тегеурінді, нық өсіп келе жатқан жас өспірімдердің, нығаюы үшін  олардың мықты денсаулығы, терең білімі, жақсы тәрбиесіне  ерекше қамқорлық жасап, осындай қордаланған мәселелерді бірлесіп шешіп, ел болашағының берік тұтқасы болар жастарды жетілдіру жағын мықтап қарастыру керектігі баса айтылды.                      ЖАҢАРУ баспасөз қызметі

Для процветания молодежи необходима кардинальная забота

 11 августа Алматинский районный филиал Столичного городского филиала РОО “ЖАҢАРУ” в рамках социального проекта “Проведение комплекса мероприятий по формированию антикоррупционного сознания у молодежи” при поддержке НАО “Центр поддержки гражданских инициатив” МИОР РК Республиканского общественного объединения “Общенациональное движение против коррупции” ЖАҢАРУ» были организованы рейды с целью визуального наблюдения за состоянием дел, выяснения обстоятельств дела.

В нем приняли участие заместитель председателя, директор Столичного филиала РОО ”ЖАҢАРУ» Рахметуллин Д. Р., заместитель дректора Столичного городского филиала РОО «ЖАҢАРУ», директор Алматинского районного филиала Каппаров Д.К., заместитель акима Алматинского района Аблазимов Р.М., начальник отдела по развитию дворовых клубов города Астаны КГУ “Астана жастары” Аскаров А. А., руководитель аппарата РОО «ЖАҢАРУ“ Алиев К.Х., пресс-секретарь столичного городского филиала РОО ”ЖАҢАРУ» Мусабаева А.С., приняли активное участие, осмотрели данные объекты и вместе обсудили актуальные вопросы.

Большое преимущество дворовых клубов в обеспечении молодежи различными спортивными и ремесленными кружками, правильном использовании досуга молодежи, развитии, пополнении знаний. На сегодняшний день по району Алматы работают кружки, спортивные школы для детей из малообеспеченных семей, подростков в возрасте от 18 до 29 лет. В их числе танцевальный кружок в спортивном клубе ”Азимут», включающий занятия по тхэквандо, вольной борьбе, боксу, который обеспечит более 120 школьников бесплатно.

В этом же районе проводится капитальный ремонт ремесленного центра по улице Нажимеденовой. Ожидается, что в ближайшее время здесь будет работать колординговый центр для подростков: шахматы, настольный теннис, компьютерные классы. Планируется, что до 2023 года будет проведен капитальный ремонт спортивной школы по улице Абылайхана.

В ходе ознакомления с работой дворовых клубов было высказано мнение о наличии многих нерешенных проблемных вопросов. В этой связи начальник отдела по развитию дворовых клубов г. Нур-Султан Аскаров Асхат Аскарович отметил: «дворовые клубы не имеют правового статуса, а работать без него очень сложно.Еще одна серьезная проблема заключается в том, что управление спорта выделяет 2 миллиарда на 3000 детей, а управление молодежной политики выделяет нам только 200 миллионов на год. Что за несоответствие! А на сегодняшний день количество детей, которые к нам приходят, составляет 3500.

Более половины клубов расположены в подвалах, не отвечают никаким санитарно-эпидемиологическим требованиям. Потом очень мало зарплаты тренерам-тренерам, работающим в кружках, никто не хочет работать за такие небольшие деньги»”

В ходе рейда было подчеркнуто, что для того , чтобы общество росло, росло и крепло, необходимо заботиться об их крепком здоровье, глубоких знаниях, хорошем воспитании, совместно решать такие накопленные проблемы и рассматривать в сторону совершенствования подростков, которые станут твердым рычагом будущего страны.

 Пресс-служба” ЖАҢАРУ»