ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

144

«ЖАҢАРУ» сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ  Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен  және  Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу» атты әлеуметтік жобасы шеңберінде  «ЖАҢАРУ» РҚБ  Шымкент қалалық филиалынан құралған жұмыс тобы  жаңа оқу жылына дайындық тұрғысына сәйкес  рейд жұмыстарын  жүргізуді жалғастыруда. Бүгінгі іс-шара   Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің жатақханасына рейд жасаудан басталды. Бастаманың негізгі мақсаты- оқу орындары жатақханаларындағы студенттердің әл – ауқатын, оқыту және орналасу жағдайларын білу, өрт қауіпсіздігі талаптары және санитарлық нормалардың өз деңгейінде сақталуына мониторинг жүргізу.
Жұмыс тобының құрамында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Шымкент қалалық филиалының мүшелері — Сарсенов Хайрулла Амантайұлы ( депутат), Сүлейменов Қайрат Мұсаханұлы (Шымкент қалалық мәслихаты депутаты, «AMANAT» партиясының фракция мүшесі), Ақтаев Мұқтар Бексұлтанұлы («Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының директор орынбасары), Абуова Гүлбала Елбайқызы (ҚР мәдениет қайраткері), Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті жатақханасының басшылары және «ЖАҢАРУ» РҚБ Шымкент қалалық филиалының аппарат қызметкерлері болды.
Зерделеу барысында университет жатақханасының жалпы көлемі 300 адамға арналғандығы, студенттердің жаттығу залы, әр қабатта өзіндік асханалары, лифт, оқу класстары, алғашқы көмек көрсету орны (дәрігерлік пункт) жұмыс жасайтындығы белгілі болды. Рейд нәтижесінде жатақханадағы өрт қауіпсіздігі талаптары және санитарлық нормалар дұрыс сақталып, студенттерді оқыту және орналасу жағдайлары толық қамтамасыз етілгендігі айқындалды.
Сонымен қатар «ЖАҢАРУ» РҚБ-і жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу мақсатында жаңа құрылған Жастар ұйымының «Ережесі» бекітіліп, барлық өңір филиалдарында талқыланып, ой-пікір, ұсыныстар қабылдануда. Осы маңызды Ережеге байланысты Шымкент филиалы да өзіндік ой-пікірлерін білдіруге ұсыныстар дайындау үстінде.

«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі