ЖАСТАРДЫҢ БОЙЫНА ӘДІЛЕТТІЛІКТІҢ ДӘНІН ЕГУ-БАСТЫ НАЗАРДА

100

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  “Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы” 2022 жылғы 16 наурызында халыққа арнаған Жолдауында: “Адал еңбек, озық білім және үздік тәжірибе әрдайым жоғары бағаланатындығын” атап айтқан болатын. Бұл нақты әрі шынайы айтылған   Елбасының  сыбайлас жемқорлықты жою күресіндегі ең басты да маңызды алғышарты.
Елбасының саясатын қолдау мақсатында “ЖАҢАРУ” сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы  РҚБ-і Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ҚР АҚДМ “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” ҚЕАҚ қолдауымен  “Жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу“ атты әлеуметтік жобасы шеңберінде іс-шара өткізілді.
Кездесуді модератор, “ЖАҢАРУ”  сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы РҚБ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Манақов Жомарт Мұқанұлы жүргізіп, келелі мәселелерді талдап  отырды.
Кездесуге Шығыс Қазақстан облыстық әкімі аппаратының этика жөніндегі уәкілі Р.А.Арыстамбеков, Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысы Ф.П.Жилибаев, Өскемен қаласы әкімі аппаратының этика жөніндегі уәкілі С.Н.Идрисовтер қатысты.
Кездесуге 32 мемлекеттік қызметкер, оның ішінде 20-сы жастар белсенді түрде қатысты.
Маңызды айтылған өзекті мәселелердің бірі-жастарды билік басындағы жұмыстарға тарту, оларды қоғамға белсенді түрде араластыру, әртүрлі сала мамандықтарына баулу,  өздерінің алған білімдеріне сәйкес тиісті жұмыс орындарына орналасуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға келтірер зиянды әрекеттеріне қарсы үздіксіз жұмыс жүргізу туралы айтылды.
Бұл болашағымыз-жастар  үшін жасалатын нық қадамдар, олардың алдағы өмір сүру бағыттарына  жасалатын әділеттің бағдаршамы ретіндегі тәрбиелік мәні бар ғибратты кездесу болды деп толықтай айтуға болады.

Жаңару РҚБ баспасөз қызметі