«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Жамбыл облысы филиалының директоры Қасымхан Естемесұлы Төлендиевтың басшылығымен 25 мамыр күні Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Жастардың құқықтық сауаттылығын және жастардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру» жобасы аясында «Жастар — қоғам айнасы» тақырыбында ашық сұхбат алаңы өткізілді.
Жастардың құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктерден хабардар болу, құқықтық қорғалу және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, жастар ортасында құқық қорғау органдарының оң имиджін іске асырылуының барысы туралы хабардар ету, кеңес, нақты көмек беру мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада Құлан агротехникалық жоғары колледжінің жанындағы «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының «Жас Қыран» жастар қанаты және Т.Рысқұлов ауданы Қорғаныс бөлімі мен құқық қорғау органдарымен ынтымақтастығын арттыру міндеті жүзеге асырылды.
Ашық сұхбат алаңының спикерлері, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Жамбыл облысы филиалының директоры Қасымхан Төлендиев, Т.Рысқұлов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы, подполковник Болат Ауелбаев, Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Қайсар Сулейменов және Құлан агротехникалық жоғары колледжінің директоры Олжас Мусакулов, бүгінгі күннің талабы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жастардың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін
арттыру қажеттілігі, Отан алдындағы парызды өтеу – әрбір азаматтың міндеті, студенттердің құқықтық сауаттылығын қалыптастыру маңыздылығы туралы өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, іс-шараның қонақтары, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Алибек Терликбаев, «АМАНАТ» партиясы облыстық филиалының «Жастар Рухы» жастар қанаты басшысы Уалихан Болатбеков, Тараз сервис колледжінің директоры, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Бекбол Маймышев, Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының хатшысы Ербол Абуталипов, Т.Рысқұлов аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Шорабек Атабаев, аудандық «Жастар ресурстық орталығының директоры Әбіләшім Мырқасымов студенттермен пікіралмасуға қатысты.
Кездесу соңында колледж студенттері флэшбоб өткізіп, жоба тақырыбында анкета алынды.
«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі