Жастар ұйымының жаңаша ізденістері

533

«Жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу» атты әлеуметтік жоба шеңберінде жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру мақсатында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ-нің Маңғыстау облысы бойынша филиалы жастармен кездесу өткізді.Кездесуде филиал директоры Д.Үсіпбаев жастардың бойында сыбайлас жемқорлық көріністерін мүлдем болдырмау,  оларды адалдық пен ізгілік жолында тәрбиелеу мақсатында маңызды дәріс оқыды.
Шара барысында «Жас қыран» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар ұйымы құрылып, оның жаңа жоспар, мақсаттарын айқындай отырып,  «ЖАҢАРУ» РҚБ- нің Маңғыстау облысы бойынша филиалының жанынан жаңа құрылған «Жас қыран» ұйымының жетекшісі болып Абзал Марат Ғабитұлы тағайындалды.Сондай-ақ жастар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Сөз соңында филиал директоры Д.Үсіпбаев жаңа құрылған «Жас қыран» жастар ұйымының алдағы атқаратын жұмысына сәттілік тіледі.

«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі