«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалы «Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу» атты әлеуметтік жоба шеңберінде «Жас қыран» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар ұйымын құру мақсатында кездесу өткізді.
Оған Ақтөбе облыстық филиалының белсенділері, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттері қатысты.
Кездесу барысында «Жас Қыран» ұйымының АОФ жанындағы «Жас қыран» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар ұйымының Ережесі бекітіліп, оның жетекшісі болып Марат Оспанов атындағы БҚМУ-нің жалпы медицина факультетінің 5-ші курс студенті А.Ажиниязов сайланды.
Осы орайда алдағы уақытта жастардың қоғамда қауіпті індетке айналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы көріністерді болдырмау, оған жеккөрушілікпен қарау, ҚР заңнамаларын оқып, танысып- көкірекке тоқу, әр азаматтың өздеріне тиесілі заңнамалық құқықтарын сауатты түрде білу мақсаттары көзделді.
«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі