Жас мамандар Маңғыстау облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысына қарсы арыз жазды

218
Бас суретте Маңғыстау облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Қалдығұл Серік

Өтініш иелері басқармаға жалпы конкурс қорытындылары бойынша бас маманның міндетін атқарушы болып қабылданғандарын және Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ішкі тексеріс жүргізуі барысында құжаттарының арнайы тексеруге жолданбағанын айтып шағымданған.

 Жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында көрсетілген деректер өз дәлелдерін тауып, облыстық Ауылшаруашылығы басқарма басшысы Қалдығұл Серікке Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысы негізінде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов басқармасының басшысы Қалдығұл Серікке «қатаң сөгіс» жарияланды. Басқарма басшысы орын алған кемшілікті жоққа шығармады. Алдағы уақытта мұқият боламын деп сендіріп, бұдан былай кадр мәселесіне қатысты сұрақтарды жіті қадағалауға уәде берді.

 Айта кетейік, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 19-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес, мемлекеттiк қызметке алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметке оны тоқтатқаннан кейiн қайтадан кіретін азаматтар осы Заңға және ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметке кiру шарттарына сәйкестігі тұрғысынан ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін арнайы тексерудің оң нәтижелерін алуы қажет және осы Заңға сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметке кіретін азаматтар арнайы тексерудің нәтижелері алынған күнге дейiн мемлекеттік әкiмшiлiк лауазым бойынша көзделген мiндеттердi уақытша атқарады. Аталмыш қатынастар ҚР еңбек заңнамасына сәйкес реттеледi.

Менш.ақп.