«ЖАНАРУ» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалының басшысы алғысқа бөленді

1797

Ақтауда халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аталып өтіліп, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ағымдағы жылғы жұмысы қорытындыланды. Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғимаратында өткен салтанатты жиынға «ЖАНАРУ» республикалық қоғамдық бірлестігінің маңғыстаулық басшысы Дайрабай Үсіпбаев қатысып, жыл бойы департамент өкілдерімен бірігіп жасалған нәтижелі іс-шаралары үшін алғыс хатқа ие болды.

— Бұл департамент қызметкерлерімен біраз уақыттан бері жұмыс жасап келеміз. Арнайы мониторинг тобының мүшесі ретінде аталмыш органмен өңірлік денсаулық, білім, ветеринария сынды көп саланы заңбұзушылыққа тексеріп, кемшін тұстарына бірге куә болдық. Бірге түзетуге тырыстық. Қазір біздің топтың жұмысын облысымыздың тұрғындары жақсы біледі. Себебі жоспарлы түрде әр мекемені күнде қадағалап отырамыз және ескертпей барамыз. Сол кезде барлығы анық болады. Жұмысымыздың нәтижесі де бар, — дейді «ЖАНАРУ» РҚБ Маңғыстау облысы бойынша басшысы Дайрабай Үсіпбаев.

Менш. ақп.