Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді жұмыстар атқарып отырған республикамыздағы қоғамдық бірлестіктердің арасында көш басында келе жатқан «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы өзінің жаңа шыққан басылымын халыққа ұсынғалы отыр.
Бұл тұрғыда халық игілігі үшін жасалып отырған іс-шаралар нәтижелі, жұмыстар қарқынды. Республикамыздың 17 өңірінде қоғамдық бірлестіктің филиалдары халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізуде.
«ЖАҢАРУ» басылымынан үстіміздегі жылы қоғамдық бірлестіктің «Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу» атты әлеуметтік жоба аясының шеңберінде жасалған іс-шаралар, атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен таныса аласыздар.
Қоғамда болып жатқан кереғарлықтар мен сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою мақсатындағы өзекті тақырып аясында екпінді қызметтер атқару, осы жолда толассыз еңбек ету алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ. Бұл қоғамдық бірлестіктің азаматтық, адалдық жолындағы ұстанымдарымен қатар еліміздің өркендеп, қарыштап дамуына, елімізде әділеттілік пен сыбайлас жемқорлықсыз қоғамның салтанат құруына тікелей септігін тигізетін игі қадамдардың бірі болмақ.
«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі