Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу барысындағы күрделі тақырыптың ауқымында үлкен жобаларды жүзеге асырып отырған бірден бір айқындық, әділеттілік жолында белсенді жұмыстар атқарып келе жатқан- «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі болып отыр.
2022 жылдың наурызынан бастау алған жоба аясы- республика көлеміндегі барлық облыстарда дерлік аталған қоғамдық бірлестіктің филиалдары халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, әсіресе жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік қағидаттарын түбегейлі қолға алып, көптеген іс-шаралардың атқарылуына, сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алу барысында қоғамға зиянды, кереғар қаншама іс-әрекеттердің болмауына тосқауыл қойып, халық игілігі үшін жұмыстар жасауда.
Осы бағытта «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры, аймақтардағы облыстық әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Жомарт Манақовтың ұйымдастыруымен халыққа, оның ішінде жастарға ақпараттық түсіндірме жұмыстары, семинарлар, дөңгелек үстелдер, жеке қабылдаулар өткізіліп келеді. Күні кеше Ж.Манақов «Алтай» телеарнасына «Жаңа Қазақстан» хабары бойынша арнайы сұхбат берді. Онда «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің ел игілігі үшін жасап жатқан қарқынды жұмыстарымен қатар әдеп жөніндегі кеңестің атқарып отырған маңызды қызметтерін баяндады. Ондағы басты айтылған мақсат: «Ең бірінші біздің атқаратын міндеттеріміз- халықпен ашық түрде сөйлесіп, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін ояту, осы бағытта жаңа тәсіл, жаңа әдістерді қолдана отырып белсенді жұмыс жасау. Сайып келгендегі шығатын қорытынды- жастар таза, әділетті қоғамда өмір сүруі керектігін айтты».
«Жаңа Қазақстан» хабарының «Алтай» телеарнасынан берілген сұхбат барысын төмендегі сілтемеден көріп, тыңдай аласыздар.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі