«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыстың Ақтөбе облыстық филиалы 12 ауданға өкіл кандиттарын ұсынды

166

Бұл жайлы Ақтөбе облыстық филиалының өңірлік кеңесінің бірінші отырысында филиал директоры Қайрат Сабыр айтты.

Сонымен қатар аталмыш кездесуде филиал басшысы  «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-нің негізгі мақсат-міндеттерімен таныстырды.

Отырысқа Актөбе облысы әкімінің орынбасары М.Тоқжанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы М.Мұхамбетов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Р.Медетов, Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Елеусінова, қалалық кеңестің төрағасы А.Мырзалин және БАҚ өкілдері қатысып, өз ойларымен бөлісті.

Кеңес отырысында 2019 жылға арналған жұмыс жоспары мен алдағы уақытта мемлекеттік органдармен бірге жұмыс атқару керек екендігін атап өтті.

Сонымен қоса, ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Ақтөбе облыстық филиалының басшысы Қайрат Сабыр 12 аудандық бөлім жетекшілігі үшін өкіл кандидатураларын қарап, ұсыныстар еңгізді.

Менш.ақп.