«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов Ақмола облыстық маслихатының хатшысы, «ЖАҢАРУ» РҚБ Ақмола облыстық филиал директоры Әлібек Бекболатұлын мерейлі 60 жасқа толуымен құттықтады

99

Құттықтау!

 Құрметті Әлібек Бекболатұлы!

 Сізді 60 жасқа толған мерей тойыңызбен  шын жүректен құттықтаймын!

Осы таңда адам өмір жолының асқар биігі – алпысқа қадам басып отырған Сізді, мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарда еңбексүйгіштік, белсенділікпен ерекшеленіп, қызметтің қызықты да қиын салаларын атқарып отырған абырой-беделіңізді зор ықыласпен атап өткім келеді!

 Облыс маслихат хатшысы және «ЖАҢАРУ» РҚБ Ақмола облыстық филиал директоры қызметін атқара жүріп, қоғамдағы сыбайлас жемқорлық індетіне қарсы тұрып, қоғам игілігіне адал еңбек сіңіріп келесіз. Осынау игілікті істе қанатыңыз талмасын, қажыр-қайратыңыз қашанда арта берсін!

Өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілеймін!

Ізгі ниетпен

Оралбай Әбдікәрімов,

«ЖАҢАРУ» РҚБ төрағасы