«ЖАҢАРУ» РҚБ ұжымы Қарғалы ауданының тұрғындарымен кездесті

67

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Ақтөбе облысындағы филиалы Қарғалы ауданына әлеуметтік тапсырыс аясында іс-сапармен барды.

«ЖАҢАРУ» РҚБ облыстық және қалалық Кеңес мүшелерінің тобы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, мектеп, аудандық орталық аурухана, коворкинг орталық ұжымдарымен кездесті. Аудан әкімі әкімдіктегі «Оpen space» қайта құру нысанын және мектеп директорының фронт-офисін, аудандық ауруханада құжаттаудың сандық технологияларын көрсетті.

Негізгі іс-шара аудан тұрғындарының, оның ішінде шағын және орта бизнес, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік қызмет өкілдерінің қатысуымен кездесу болды. Кездесу екі жақты ашық әңгімеде өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы негізгі баяндама жасап, «ЖАҢАРУ» облыстық және қалалық мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңға сәйкес түсініктемелер берді.

Кездесу барысында ақпараттық буклеттер, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі жеті бағыты, «Сыбайлас жемқорлық туралы не білу керек?» сынды парақшалар және плакаттар таратылды.

Кездесу барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға толық жауап берілді.

Аудан тұрғындары ҚР ҚК «Пара беру» 367-бабымен таныстырылып, тәулік бойы жұмыс жасап тұрған орталықтың нөмірі ұсынылды.