«ЖАҢАРУ» РҚБ мүшелері көпбалалы отбасына қолдау білдірді

561

Жуырда «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Ақтөбе облыстық филиалының мүшелері  18 жетім баланы бауырына басқан Өмірхан Жетесов пен Амангүл Ешпанованың шаңырағында болып, жанұяның тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. «ЖАҢАРУ» РҚБ-ның төрағасы Оралбай Әбдікәрімовтің қолдауымен жүргізіліп жатқан бұл игілікті іс-шараға өңірлер де белсенді атсалысып, мейірім танытуда.

  • Елдік пен сенімді ертеңіміздің кепілі — ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Бес жыл мақсатты бағытын ұстанып, қоғамдық елеулі мәселелердің басы-қасында жүрген «ЖАҢАРУ» республикалық қоғамдық бірлестігінің басты ұстанымы осы. Жетесовтер үлгілі отбасы. Бұл шаңырақтың  3 туған баласынан өзге 18 патронаттық тәрбиедегі балалары бар. Оның алды 23 жаста да, соңғысы 5 жаста. Бала тәрбиесінен өзге аталмыш отбасының «Шашу» атты халықтық отбасылық ансамблдері бар. Мұндай үлгілі отбасына қашан да қолдау білдіру біздің міндетіміз. Әсіресе балалардың дұрыс ем-дом алып, кедергісіз жүріп-тұруы өте маңызды. Сондықтан қазіргі кезде «Автопарк» ЖШС-не хат жолдап осы мәселені қарастырып жатырмыз, — деді «ЖАҢАРУ» РҚБ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Қайрат Қанатұлы.

 

 

 

 

Менш.ақп.