«ЖАҢАРУ» РҚБ мүшелері «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы бойынша ақпараттық жұмыстарға атсалыспақ

168

Ақтөбе облысында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы өз жұмысын бастады. Ақпараттық топ құрамында зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ЖОО профессор-оқытушылары, еңбек ардагерлері, жас ғалымдар және ҮЕҰ өкілдері еніп, қызу жұмысқа кірісті.

Жоба аясында «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ  Кеңесінің 7 мүшесі ақпараттық топтың құрамына енді.

Ақпараттық топ Ақтөбе облысының Байғанин, Темір, Мұғалжар, Алға және Шалқар аудандарының 37 елді мекенінде 46 кездесу өткізіп, 4 мыңға жуық адамды қамтитын болады. Олардың ішінде вахталық поселкелер мен шалғай елді мекендер тұрғындары, түрлі саладағы кәсіпорындардың және т.б. еңбек ұжымдары бар.

Айта кетейік, «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы 8 – 24 сәуір аралығында облыстың 5 ауданында өтетін болады.

Менш.ақп.