«ЖАҢАРУ РҚБ»-ДЕ ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

1096

Таяуда “ЖАҢАРУ” РҚБ-нің Павлодар облыстық филиалының директоры болып Арман Ержанұлы ӘЛИАҚПАРОВ тағайындалды. Ол 1973 жылдың 5 тамызында Павлодар облысының Екібастұз қаласында дүниеге келген.
1992-1998 жылдар аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «экономист» мамандығы бойынша білім алған.
1998-2016 жылдары мемлекеттік қызметте, оның ішінде Усолка шағын ауданы бойынша Павлодар қаласы әкімінің өкілі, Павлодар облысы әкімінің аппаратында, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің орталық аппаратында қызмет атқарған.
2020 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін-Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының КМҚК «Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде қызмет атқарған.
Табысты еңбектері үшін мемлекеттік саясатты қолдау және өркендету, халық игілігі үшін жасаған жұмыстарының барысында алған көптеген марапаттары мен алғыс хаттары бар.
Жаңа тағайындалған филиал директорына алдағы жұмыс барыстарына, халық игілігі үшін жасалатын қоғамдық маңызы бар келелі бастауларыңызға толағай табыстар мен қажымас қайрат, мықты денсаулық, жемісті еңбек тілейміз!
«Игі істің басына жақсы келер қасына» деп халық даналығында айтылғандай Президентіміздің сындарлы саясатын қолдай отыра, халықпен әрдайым біргелесіп жұмыс жасау жолында сәттіліктер өзіңізге серік болсын!

«ЖАҢАРУ» РҚБ-і баспасөз қызметі