«ЖАҢАРУ» РҚБ белсенді мүшесі Дәулеткерей Рахметуллин 70 жасқа толды

22

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ төрағасының орынбасары, Бас прокуратураның құрметті қызметкері, елеулі ісімен ағалық міндет, інілік қызмет жасап жүрген Дәулеткерей Рахметоллаұлы Рахметуллин жетпістің жетегіне шықты. Адал қызмет, елеулі еңбек етуді өмірлік ұстанымы санайтын ел сенген азаматқа «ЖАҢАРУ» РҚБ мүшелері, әріптестері ізгі тілек жолдап, талмай-тынбай жемісті еңбек ете беруіне тілектестіктерін жеткізді.

«Дәулеткерей Рахметоллаұлы, жеке меншік мерекеңіз, жаңа жасыңыз құтты болсын. Денсаулығыңыз мықты болсын, отбасыңызға баянды бақыт тілеймін, тілеулеріңіз орындалсын, қоршаған ортаңыз адал адамдармен толы болсын! Үлкен рахмет әрдайым ақылыңызға, кеңестеріңізге, үлгі тұтар жан өзіңіз!!!», «Дәуке туған күніңіз құтты болсын! Сізге тілерім жетпістен желіп, сексеннен секіріп, тоқсанға тоқтамай, жүзден желіп өтуіңізге тілектеспін.  Аллах тағала қосқан қосағыңыз жеңгей екеуіңіз бір жастықта қартайуларыңызды Алла нәсіп етсін», «Дәулеткерей аға, туған күніңіз құтты болсын. Алланың қалауымен жанұяңызбен сау саламмат болыңыз», «Туылған күніңіз құтты болсын, Дауке! Денсаулықтың арқасында балалардың тек жақсылығын көріп, немерелеріңіздің қызығына тоймаңыз! Екі дүниенің жақсылығын тілеймін!» деген ақжарма тілектер қызметтес-ниеттес жандардан Дәулеткерей Рахметуллиннің атына ағылып келіп жатыр.

 

Айта кетелік, еңбек жолын Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы М.Мәметова ауылының қатардағы тракторшысы болып бастаған Дәулеткерей Рахметуллин жетпіс жасқа жеткенше жемісті еңбегінің арқасында мемлекеттік қызметте де, құқыққорғау органдарында да үлгілі қызмет жасап ҚР Бас прокуратурасының құрметті қызметкері, ҚР Президентінің алғыс хаты, «Нұр Отан» ХДП төрағасының алғыс хаты мен «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі сынды марапаттарға ие болған.

Қазіргі уақытта ел індеті – сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында тынбай қызмет етіп жатқан ел сенген үлгілі азамат Дәулеткерей Рахметоллаұлы Рахметуллинді біз де мерейлі жасымен шын жүректен құттықтаймыз!

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы

 жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ ұжымы