«ЖАҢАРУ» өкілі Фитосанитарлық бақылау бекеттеріндегі рейдтке қатысты

80

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарында автомобиль қатынасы шегінде агроөнеркәсіптік кешен өнімдеріне мемлекеттік бақылау мен қадағалау үшін Батыс Қазақстан облысында 6 (алты) бағытта бақылау пунктері ашылып, жұмыс істеуде.

Бақылау пункттерінің негізгі міндеттерінің бірі фитосанитариялық және ветеринариялық қауіпсіздігін сақтау болып табылады.
Агроөнеркәсіптік кешен өнімдеріне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.Исаеваның төрағалығымен 2019 жылғы 22 сәуіріндегі өткізілген кеңестің №16-06/52 хаттамалық шешімін орындау мақсатында мемлекеттік органдармен бірлескен жоспар (Жол картасы) мен технологиялық сызба бекітілді.
Мемлекеттік органдармен бірлесіп бекітілген жоспарының (Жол картасы) II бөлімнің 2.5 тармағының 1 тармақшасының талаптары бойынша мемлекеттік шекара және мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары өз құзреті шегінде уақытылы ақпарат беруді қамтамасыз ету және II бөлімнің 2.5 тармағының 2 тармақшасының талаптары бойынша ішкі істер департаментінің және көлік комитетінің мамандары өз құзыреті шегінде автокөліктерді тоқтатуға ықпал ету көрсетілген.
Алайда, қазіргі уақытта мемлекеттік шекара қызметкерлері тарапынан Инспекция мамандарына карантинге жатқызылған өнімдердің кіргізіліп жатқандығы туралы ақпарат мүлдем аз берілуде. «Ақпаратты мемлекеттік кірістер департаментінің мамандарынан біз WatsApp желісіндегі құрылған топ және де соңғы уақытта Инспекция тарапынан бекеттерге берілген рация байланысы арқылы алудамыз.» — дейді фитосанитариялық инспекторлар Ж.Булекчурин және М.Нугманов.
2020 жылдың 13 ақпан күні Фитосанитарлық бақылау бекеттеріне қоғамдық бірлестіктердің уәкілдерімен бірлескен рейд ұйымдастырылған болатын, рейдке «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының өкілі Сейтақов Айболат Самиголлаұлы және «Ақжайық адалдық алаңы» өңірлік жобалық кеңсесінің жетекшісі Салиева Әлия Өтемісқызы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесінің өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі бөлімінің басшысы Талапова Асемгуль Мақсотқызы және инспекцияның Әдеп жөніндегі уәкілі Теміралиев Темірлан Махметжанұлы қатысты.
«Сырым» Фитосанитарлық бақылау бекетінде Мемлекеттік кірістер Департаменті мен хабарланған карантинге жатқызылған жүк тиелген автокөлікті көліктік бақылау инспекциясы мамандарының көмегімен тоқтатылып, тексеріліп келген. Алайда соңғы күндері көліктік бақылау инспекциясы мамандары «Сырым» Фитосанитарлық бақылау бекетінде тұрмайды. Сол себепті қазіргі уақытта өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларға көлік тоқтату қиындап отыр. Себебі шекарадан өткен көлікті инспекторлардың тоқтатып, тиісті құжаттарын тексеру үшін Ауыл шаруашылығы вицеминистрінің хаттамалық шешімі аздық етеді. Осы орайда «Ақжайық адалдық алаңы» өңірлік жобалық кеңсесінің жетекшісі  Әлия Өтемісқызы, «ЖАҢАРУ» өкілі Айболат Самиғоллаұлы бұл жағдайды құзырлы мекемелердің бірлесе атқарудың маңыздылығына және бұл жұмыстың облысымызда фитосанитариялық және ветеринариялық қауіпсіздігін сақтауда, әсіресе тағам өнімдерінінің сапасына ерекше көңіл бөлу қажеттілігіне тоқталды.
Рейд барысында сол күні бекетте фитосанитариялық инспекторлардан Булекчурин Жанболат және Нугманов Мержан қызметтерін атқарды, олардың мәліметтері бойынша карантинге жатқызылған өнімдер тиеген көлік құралдары тексерістен өткен. Тоқтамай өткен жағдай да болған.

Осы бір шағын рейдтік кездесуден түйгеніміз облысымыздың фитосанитариялық және ветеринариялық қауіпсіздігін сақтауда мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен бірге қоғамдық ұйымдардардың да бұл іске қатысуы орынды деген тұжырымға келдік.

А.Сейтақов,
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа
қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі
Батыс Қазақстан облыстық
филиалының мүшесі