ЖАҢАРУ: Көпбалалы отбасыларға көмек – мемлекеттік саясаттың бір бағыты

187

Елдік пен сенімді ертеңіміздің кепілі — ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Бес жыл мақсатты бағытын ұстанып, қоғамдық елеулі мәселелердің басы-қасында жүрген «ЖАҢАРУ» республикалық қоғамдық бірлестігінің басты ұстанымы осы. Аталмыш ұйымның төрағасы Оралбай Әбдікәрімовтің басшылығымен өңір-өңірде осы бағытта жасалып жатқан жұмыстар жетерлік. Айталық, жуырда Ақтөбе облысындағы филиалы 18 жетім баланы бауырына басқан Өмірхан Жетесов пен Амангүл Ешпанованың шаңырағында болып, үлгілі отбасына қолдау білдірді.

  • Бұл отбасының 3 туған баласынан өзге 18 патронаттық тәрбиедегі балалары бар. Оның алды 23 жаста да, соңғысы 5 жаста. Жетесовтер шығармашылық адамдары. «Шашу» атты халықтық отбасылық ансамблдері бар. Мұндай үлгілі отбасына қашан да қолдау білдіру біздің міндетіміз. Әсіресе балалардың дұрыс ем-дом алып, кедергісіз жүріп-тұруы өте маңызды. Сондықтан қазіргі кезде «Автопарк» ЖШС-не хат жолдап осы мәселені қарастырып жатырмыз, — деді «ЖАҢАРУ» РҚБ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Қайрат Қанатұлы.

Ұлту Жүзбай