ҚР Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «ҮЕҰ, сарапшылар қоғамдастығы мүшелерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуын кеңейту» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Қазақстан Республикасының белгілі мемлекет, қоғамдық-саяси қайраткері, «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасы Оралбай Әбдікәрімовтің қатысуымен, Маңғыстау облысының мемлекеттік органдары басшылары мен жұртшылығын тарта отырып, бүгін, 07.07.2021ж., «ЖАҢАРУ АЛАҢЫНДА» ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап өткізіліп жатырған іс-шаралар сериясынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар онлайн форматта өткізілді.
Іс-шараға Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің студенттері, профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. ҮЕҰ және ҰКП, бизнес-қоғамдастықтар, «NUR OTAN», «Ауыл», ҚХП, «Ақ жол» партияларының өкілдері, БАҚ, «ЖАҢАРУ» РҚБ активі, барлығы 60-тан астам түрлі ұйымдардың өкілдері қатысты.
Семинарды аша отырып, «ЖАҢАРУ» РҚБі төрағасы Оралбай Әбдікәрімов қатысушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру бойынша, сондай-ақ әлеуметтік жобаны іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәрістер, пікірталас семинарлары, қоғамдық тыңдаулар, «Азаматтық бақылау», Қоғамдық қабылдау бөлмелерін құру және т.б. сияқты бірқатар іс-шаралар іске қосылғанын хабарлады.
Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрмов құттықтау сөз сөйледі. Облыс Әкімі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын іске асыру аясында өткізіліп жатырған түрлі іс-шаралар туралы айтты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ҮЕҰ-мен бірлескен жұмысты, атап айтқанда директоры Дайрабай Үсіпбаев болып табылатын «ЖАҢАРУ» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалының белсенді жемісті қызметін ерекше атап өтіп.
Алдағы уақытта да осы бағытта ынтымақтасуға тілек білдірді және семинардың барлық қатысушыларына табысты жұмыс тіледі.
Оралбай Әбдікәрімов өңірдің бірінші басшысының Серікбай Тұрмовқа семинарға қолдау көрсетіп, қатысып, құттықтау сөзіне ризашылық білдіріп «Біз мемлекеттік органдардың жұмысын сынға алмаймыз және бақыламаймыз, тек сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты бірлесіп жүргізуде көмек күтеміз. Сыбайлас жемқорлықты жою мүмкін емес, бірақ бірге оның көріністерін азайтуға болады, осыған байланысты «ЖАҢАРУ» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Дайрабай Үсіпбаевтың жұмысын атап өткім келеді және қазір оған сөз береміз.»
Дайрабай Үсіпбаев семинарға қатысушыларды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында атап өткендей, сыбайлас жемқорлық болдырмауға бағытталған, алдын алу және азайту, мемлекеттік қызметшілер мен халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Оралбай Әбдікәрімов Дайрабай Үсіпбаевқа алғыс айтып, жұмыста табыс тіледі, сонымен бірге анықталған заң бұзушылықтарды мемлекеттік органдардың назарына жеткізу, сол заң бұзушылықтарды түзету бойынша іс-шаралар қарқынды жүргізуді талап етті. Халықпен, еңбек ұжымдарымен көбірек кездесулер өткізіп, мемлекеттік органдардың алған міндеттемелерінің, уәделерінің орындалуына, есеп беру процесстеріне көбірек көңіл бөлу керектігі айтылды.
Модератор, «ЖАҢАРУ» РҚБ төрағасының орынбасары Дәулеткерей Рахметуллин мемлекеттік органдар өкілдеріне Оралбай Әбдікәрімовтің мемлекеттік органдардың осы уәделерді орындамағаны туралы сөздерін еске салып, ар, ұят, намыс деген үш қағиданы басшылыққа алуға шақырды.
Сөз сөйлегендер арасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Қуаныш Мырзағали, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі Тимур Жұмырбаев, Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің Құқықтану кафедрасының меңгерушісі Бағдат Әуешова, Қазақстандық қоғамдық-саяси қайраткер, философия ғылымдарының докторы, «ЖАҢАРУ» РҚБі Кеңесінің мүшесі Бейбіт Мамраев, «Маңғыстау облысының заңды тұлғалардың азаматтық альянсы» Бірлестігінің жетекшісі Жібек Ахметова, «Маңғыстау әйелдер көшбасшылығы мектебі» ҚБ Төрайымы, «Қазақстанның Халық партиясы» Маңғыстау облыстық филиалының Директоры Роза Махамбетова болды.
Баяндамаларды талқылау барысында — аймақтағы инженерлердің, мұғалімдердің, дәрігерлердің және басқа салалардың мамандарының жетіспеушілігі, қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің сапасы, НҚА сараптамасын жүргізу кезінде ҮЕҰ өкілдерінің көбірек санын тарту және осы бір өңірде ғана емес, еліміздің барлық облыстарында шешілуі қажет бірқатар өзекті мәселелер қозғалды.
Семинар соңында О.Әбдікәрімов барлық осы мәселелерді шешу, сыбайлас жемқорлықты жою, әлеуметтік саланы, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін бірлесіп әрекет ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысында жаңа әдістер мен тәсілдерді пайдалана отырып, бұл жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтті.