Жүйелі реформаларды іске асыруымыз керек

335

Құрметті Оралбай Әбдікәрімұлы!Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жуйесі жане құқық қорғау органдары комитеті (бұдан әpi — Комитет) Сізге сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес шараларын одан api күшейту мақсатында жолдаған ұсыныстарыңыз үшін алғысын білдіреді.

Сіздің ұсыныстарыңыз Қазакстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылгы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазакстан: іс-кимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында (бұдан әpi — Жолдау)
ұсынылған жүйелі реформаларды іске асыру аясында кезекті болып
табылатынын атап өту қажет.

Уәкілетті органдар осы бағыттағы жұмысты жалғастыруда. Атап айтқанда, үстіміздегі жылдың 6 қазанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалқ актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Аталған Заңның басты бағытгарының бірі болып: — мемлекеттік қызметшіге құны қандай да болсын сыйлықтар сыйлауға тыйым белгіленді; дербес құрылымдық бөлімше басшысы лауазымынан төмен емес лауазымды атқаратын лауазымды адамдарды, сондай-ақ квазимемлекеттік секторда сатып алумен айналысатын адамдар сыбайлас жемқорлық субъектілеріне жатқызылды; өзіне сыбайлас жемқорлық шектеулерін қабылдайтын адамдардың отбасы мүшелеріне материалдық сыйлықақы, сыйлықтар немесе көрсетілетін кызметтер қабылдауға тыйым салынды;- жедел-іздестіру қызметін немесе сотка дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлганың адамды қылмыс жасауға арандатқаны үшін қылмыстық жауаптылықа тарту жөнінде норма болып табылады.

Қазіргі уакытта Жолдауда айтылған тапсырмаларды жузеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша түзетулер әзірленуде.

 

В. Волков,
комитет төрағасы