Заң алдында бәрі тең

188

Нұр-сұлтан қаласындағы «ЖАҢАРУ «сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ филиалы «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету дирекциясы» МКҚК басшылығының бастамасымен ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы «заңының ережелерін түсіндіру бойынша кездесу өткізді.

Аталмыш «Дөңгелек үстел» отырысын ашқан «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету дирекциясы» МКҚК директорының орынбасары Мейрамбай Оралов ұжымдағы осы бағыттағы өткізілетін іс-шаралардың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ол қазақстандықтардың әл-ауқаты бірінші кезекте әрбір адамның табысының тұрақты өсуіне және өмір сүру сапасына, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға байланысты екенін атап өтті.
Кездесу барысында «ЖАҢАРУ» РҚБ Нұр — сұлтан қалалық филиалы төрағасының орынбасары Дәулеткерей Рахметуллин ұжым алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың ережелерін түсіндіру жөнінде кең көлемде баяндап берді.

Жиында Нұр-сұлтан қаласын сыбайлас жемқорлықтан азат шаһарға айналдыру жөнінде «ЖАҢАРУ» РҚБ төрағасы Оралбай Әбдікәрімовтің Астана тұрғындарына үндеуі оқылды. Үндеуді ұжым бірауыздан мақұлдап, қолдады.
Ерекше тоқтала кетер жайт, осынау кездесудің басты мақсаты қоғамда жалпыға бірдей құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға, сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілік ахуалын, осы бағыттағы көріністерінің алдын алу болып отыр.
Жиын барысында жоңарыда аталған МКҚК басшылығы тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен нысандарының сақталуын қамтамасыз ету, әлеуметтік мәселелерді жақсарту, жас мамандарды дайындауды жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары бойынша нақты шаралар қабылданғанын атап өтті.
Осынау басқосуда ұжымдағы мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, қызметкерлердің балаларын мемлекеттік балабақшамен қамтамасыз ету, жалақыны арттыру және т. б. көптеген өткір мәселелер шешілмегені айтылды.
Жиналыс соңында «Заң алдында бәрі тең» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрсетілді, Сенім телефондары көрсетілген парақшалар, стикерлер таратылды. Азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды