Қызылордада жарты жылда 342 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жазаға тартылған

60
Главное фото из открытых источников

Алайда бұл көрсеткіш, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Қызылорда облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаевтың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда 38 пайызға төмен көрсеткіш. Былтырғы жартыжылдық қорытынды жұмысында мемлекеттік қызметкерлер тарапынан заңбұзушылық 486 болса керек.

  • Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен және Әдеп жөніндегі уәкілдермен 332 іс-шара ұйымдастырдық. Шара барысында қызметтік қарым-қатынаста, жұмыстан тыс уақытта қандай мінез-құлық таныту қажеттігі, әлеуметтік желіні пайдалану, БАҚ-да сөз сөйлеу кезінде өзін қалай дұрыс ұстау керектігі туралы мәселелер қамтылған Әдеп кодексінің қойын кітапшалары таратылды. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметшілер тарапынан жасалған заңбұзушылықтардың санын азайтуға әсер етпек, — деді Берікбол Байхожаев.