WhatsApp желісі арқылы мемлекеттік қызметкердің кінәсі айқындалды

1813
helpcase.ru

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімінің аппарат басшысы Г. Бакытоваға қатысты арызданушы тараптың дәлел ретінде ұсынған аудиожазбасы Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында басты назарға алынып, жауаптыға қатаң сөгіс жариялау және аудан бойынша «Әдеп жөніндегі уәкіл» лауазымынан босату туралы шешім шығарылды.

— Шағымданушының арызында «Қ.Бақтыбайұлы атындағы Бейнеу өнер мектебі» мемлекеттік мекемесіндегі еңбек қатынастарының бұзылғандығы, Аппарат басшысы Г.Бакытованың тарапынан ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптары сақталмайтындығы айтылған. Тіпті дәлел ретінде ұсынылған аудиодискіні тыңдау барысында аппарат басшысының әлдебір азаматшаға әдепке жат сөздер айтқаны анықталды. Ол Әдеп кодексінің 3-тарауы 7-тармағы 1-тармақшасындағы мемлекеттік қызметші «қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермеуге тиіс…»  деп көрсетілген ұғымдарды ұстанбады, — дейді Әдеп жөніндегі кеңестің төрайымы Нұргүл Жанназарова.

Одан өзге, кеңес мүшелерінің айтуынша, аппарат басшысы Г.Бакытова өнер мектебі директорының міндетін атқарушы Э.Джумагуловаға қатысты шағымдардың көбеюіне байланысты онымен әңгімелесу жүргізіп, басшылық лауазымдағы тәжірибесінің жоқтығынан ұжымды тиісті дәрежеде басқара алмай отырғанын алға тартқан. Бұл мәселелер ҚР Мемлекеттік істер бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Маңғыстау облысы бойынша департаменті тарапынан жүргізілген тексеріс барысында өз дәлелін таппады. Баяндалған мәселе қызмет барысында емес, жұмыстан тыс кезде орын алған.

Менш.ақп.

Ақпарат көзі: МҚІСЖҚА Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі