ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

83

Бүгін біздің әріптесіміз Әбілмәжінов Темірғали Текебасұлы өзінің туған күнін атап өтуде. Сізді бүгін толған жасыңызбен, туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Елге сіңірген Сіздің қарапайым ұстаздан бастап, мемлекет қызметінде, Білім мен ғылым министрлігі саласында, СҚО, Атырау, Павлодар облыс әкімшілігінде, «ЖАҢАРУ» РҚБ- інде белсенді еңбегіңіздің әр жылдары аталып өтуі, Сіздің осы ғибратты өмір жолыңыз бен жемісті еңбегіңіздің лайықты әрі айшықты нәтижесі екені сөзсіз.
Сізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбекте тың табыстар мен өмірдің асқақ абыройын тілейміз.
Әрқашан еліміз бен халқы­мыздың құрметі мен қошеметіне бөлене беріңіз!

Құрметпен:

«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

жалпыұлттық қозғалыс» Ұжымы