«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ ұжымы Жамбыл облыстық филиалының директоры, облыстық тәртіп кеңесінің төрағасы, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Қасымхан Естемесұлы Төлендиевті бүгінгі туған күнімен құттықтайды!
Өзінің Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, қоғамның, елдің дамуына азаматтық үлесін қосып, іскерлігімен, қарапайымдылығымен танылып, әрбір ісінде жоғары ұйымдастырушылық қарым-қабілетін көрсетіп, ел игілігі үшін қызмет жасап жүрген ардақты ағамызды асқаралы 74 жасымен құттықтай отырып, мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, сарқылмас жігер, отбасына амандық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барысындағы жасап отырған телегей теңіз еңбектеріне табыстар тілейміз!