Құттықтаймыз

127

Бүгін «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Нұр-сұлтан қаласы филиалының директоры Рахметуллин Даулеткерей Рахметтоллаұлының туған күні.


Құрметті Даулеткерей Рахметтоллаұлы! Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз.

Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Дос-жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!