Құрметті Оралбай Әбдікәрімұлы!«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы аясында «ЖАҢАРУ» РҚБ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі ұсыныстары үшін алғысын білдіреді.
Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмалары, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстамбұл іс-қимыл жоспары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама және басқа да бағдарламалық құжаттар шеңберінде уәкілетті органдар және «Атамекен» ҰКП сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесін қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдауда.
Сіздің ұсыныстарыңыз осы жұмыс барысында назарға алынады.
Құрметпен,
Ш. Темір,
Басқарма төрағасы
орынбасарының міндетін атқарушы