Тимур Құлыбаев сыбайлас жемқорлықты жоюдағы басты қадамды атады

65

«Атамекен» ҰКП Төралқа комитеттерінің ҰКП басшысына жыл сайынғы есеп беруі аясында Өңдеу өнеркәсібінде импортты алмастыру мәселелері, отандық өндірістің дамуын тежейтін себептер мен оларды шешу механизмдері талқыланды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Өңдеу өнеркәсібі комитетінің басшысы Владимир Бобров 2018 жыл — өңдеу өнеркәсібі үшін жеті сала бойынша қолайлы болғанын айтты: негізінен шағын өндірістер есебінен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 2017 жылмен салыстырғанда 99 бірлікке артып, 6 322 бірлікті құраса, ал өндіріс көлемі ақшалай  16 пайызға артып, 2 790 миллиард теңге болды. Өсу қарқынына машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру және химия өнеркәсібі сияқты үш сала негізгі үлес қосты. Алайда, жергілікті өндіріс пен импорт көлемінің айырмашылығы әлі де үлкен.

Тимур Құлыбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметіндегі маңызды басымдық импортты алмастыруға бағытталғанын айтты. Оны сатып алуларға қатысу, өндірістерді орналастыру және модернизациялау арқылы қамтамасыз етуге болады.

2018 жылы ҰКП-ның салалық комитеттері мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор сатып алулары заңнамасының отандық өндірушілерді қолдауға қатысты бөлігін жетілдіруде біраз жұмыс атқарды. Соның нәтижесінде сатып алулардың бес алаңын бірден біріктіретін  Сатып алулардың бірыңғай базасы құрылды. Сондай-ақ қолдарында отандық тауар өндіруші мәртебесін растайтын индустриялық сертификаты бар адал жеткізушілердің тізілімі құрылды. Бұл сертификат, мәселен, «Самұрық-Қазына» қорының біліктілік бойынша алдын ала іріктеуінен өтуде қосымша артықшылықтар береді.

Сатып алуларды бір көзден өткізу әдісінің кең практикасы және оған ілеспе тауар, жұмыс, қызмет көрсетудің тым жоғарылатылған бағасы — кәсіпкерлікті дамытудағы өзекті проблема. 2018 жылы барлық мемлекеттік сатып алулардың 75 пайызы бәсекелі ортасыз, яғни бір көзден жүргізілген. Бәсекелі ортадағы сатып алулар мен бір көзден жүргізілген сатып алулар арасындағы жекелеген тауар позициялары бойынша бағалардың айырмашылығы 30 пайызға дейін жеткен.

«Сатып алулардағы мұндай жағдай бәсекелі ортаға, сонымен қатар мемлекеттік қаражатты үнемдеуге теріс әсер етуде. Сатып алулардың небәрі 10 пайыз-ын оңтайландыру 300 миллиард теңгеге дейін қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Үнемделген қаражат экономиканың дамуына жұмсалуы мүмкін. Ал «Атамекен» нақты позицияны ұстанады: мемлекеттік сатып алуларды оңтайландыру қажет», — деді Тимур Құлыбаев.

Осы бағыттағы жұмыс жаппай цифрландыру болуы керек. Бұл шара сатып алулар процедураларын ашықтығына әкеліп, сыбайлас жемқорлықты жою жолында маңызды қадам болмақ. Қазіргі таңда Ұлттық палатада Сатып алулардың «бірыңғай терезесі» порталын енгізу жұмысы жүріп жатыр. Онда бағаларды мониторингілеуге жағдай жасалады.

«Атамекен» бір көзден сатып алуды қысқартудың тұжырымды шаралары ретінде келісімшартты тікелей жасау үшін негізді қысқартуды, камералды бақылауды күшейтуді, сондай-ақ нарық құнынан асатын тауарлар мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тікелей сатып алуға тыйым белгілеуді ұсынады.