ТӨЗБЕУШІЛІК ҚАҒИДАСЫН ЖӘНЕ БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

98

31 мамырда «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ — ің Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» КЕАҚ қолдауымен «Жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу» атты әлеуметтік жобасы шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кезекті дәріс (лекция) шарасы өткізілді.
 Мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез-келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік қағидасын және аталған мәселе бойынша белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру.
«Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу» атты әлеуметтік жоба шеңберінде ұйымдастырылған жиынға «ЖАҢАРУ» РҚБ-нің облыстық филиал басшысы Кажденбек БАЙМАХАНОВ, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент орынбасары Берік БАЙҚОЖАЕВ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас мамандары  Рашид ҒАНИҰЛЫ және Жанар ҚОЗБАҒАРОВА, Қоғамдық даму басқармасының заңгері Айсана АЙБЕРГЕНОВА, «Жас Отан» ЖҚ басшысы Медет ЖОРАБЕК және «ЖАҢАРУ» РҚБ-і облыстық филиал басшысының орынбасары Азамат АЛДАМБЕРГЕНҰЛЫ, Қорқыт Ата атындағы ҚУ жастар саясаты бөлімінің басшысы Жанар БАЙМҰРАТ арнайы қатысып баянама жасады. Сондай-ақ колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлдана ИСАЕВА мен бірқатар колледж оқытушылары, студент жастар қатысты.
Жоспарлы жиында аймақ көлеміндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалып жатқан жұмыстар, өңір жастарының жұмысқа орналасу мәселесі, өскелең ұрпақ бойында аталған мәселеге қарсы иммуниет қалыптастыру бағытындағы іс-шаралар таныстырылды. Сондай-ақ оқу орындарында орналасқан сенім жәшігі, ректор және директор блогы, студенттер сауалнамасының көрсеткіші секілді бірқатар жұмыстардың көрсеткіші талқыланды. Сонымен бірге аталған тақырып бойынша видеролик көрсетіліп, студент жастар шара қонақтарына сауалдарын жолдап, пікір алаңы құрылды.

 

 

 

31 мая 2022 года Кызылординским областным филиалом РОО «Общенациональное движение против коррупции» ЖАҢАРУ» при поддержке НАО «Центр поддержки гражданских инициатив» Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан проведена очередная антикоррупционная лекция в рамках социального проекта «Проведение комплекса мероприятий по формированию антикоррупционного сознания у молодежи». Цель-формирование в молодежной среде принципа нулевой терпимости к любым проявлениям коррупции и активной гражданской позиции по данному вопросу.
В мероприятии приняли участие руководитель областного филиала Республиканское общественное объединение «Общенациональное движение против коррупции «ЖАҢАРУ» Каженбек БАЙМАХАНОВ и заместитель областного филиала РОО«ЖАҢАРУ» Азамат АЛДАМБЕРГЕНОВ, заместитель департамента Агентства РК по делам государственной службы по Кызылординской области Берик БАЙКОЖАЕВ, заместитель председателя Агентства РК по противодействию коррупции по Кызылординской области главные специалисты департамента Рашид ГАНИЕВ и Жанар КОЗБАГАРОВА, юрист Управления общественного развития Айсана АЙБЕРГЕНОВА, руководитель МК «Жас Отан» Медет ЖОРАБЕК и руководитель отдела молодежной политики КУ им.Коркыт Ата Жанар БАЙМУРАТ, заместитель директора по воспитательной работе колледжа Гульдана ИСАЕВА.
На плановом совещании была представлена работа по противодействию коррупции в масштабах региона, вопросы трудоустройства молодежи региона, мероприятия по формированию у подрастающего поколения иммунитета к данной проблеме. Также был обсужден ряд работ, таких как ящик доверия, блог ректора и директора, индикатор анкетирования студентов, расположенных в учебных заведениях. Также была организована дискуссионная площадка по данной теме, где студенческая молодежь задавала вопросы гостям мероприятия.

Пресс-служба РОО «ЖАҢАРУ»