Түскі асынын құнын төлеуді талап еткен басшы жауапқа тартылды

14

Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысына қатысты қаралған іске Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыстық департаментінің және Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының жеке қаулысы негіз болған.

Ашып айтсақ, қала тұрғыны Төлешов А. деген азамат Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Д.Бақов өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланып, сауда-саттықпен айналысуға арналған жер орнын беру үшін «Кишлак» мейрамханасындағы түскі асының құнын төлеуді және қосымша пара сұрады деп шағымданған.

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Д.Бақовтың заңбұзушылыққа жол бергендігі белгілі болды.

Нәтижесінде шенеунік өзінің тарапынан орын алған заңсыз әрекеттерге жол бергендігін және қателескенін мойындап Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері қала әкімдігінің бөлім басшысына қатысты ескертпе түріндегі жаза қолдану туралы Ақтау қаласы әкімінің атына ұсыныс жолданды.

Ақпарат көзі: ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі