Сыбайластыққа жол берген басшылар бар

676

Елімізде қоғам дертіне қарсы күрес туралы заңнама жетілдірілген. Арнайы стратегия, бағдарлама да бар. Нақтырақ айтсақ, 2014 жылы 3 шілдеде Қылмыстық кодекс, сол жылдың 26 желтоқсанында «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия», 2015 жылдың 18 қарашасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң,  29 желтоқсанында мемлекеттік  қызметшілердің Әдеп кодексі қабылданған. Соның нәтижесінде қазір бұл саладағы негізгі саясат–сыбайлас жемқорлық сипатындағызаң бұзушылықтың алдын алуға бағытталып отыр. Әйтсе де өңірлерде сыбайлас жемқорлық әрекеттері тыйылмай тұр.

Рас, сыбайластыққа қарсы күрес нәтижесіз де емес. Мысалы 2016 жылға қарағанда 2018 жылы сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтар 23 пайызға төмендеген. Алайда бассыздыққа жол берген басшылар әлі де бар. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жылдық жиналысында мәлім болған дерекке сүйенсек, былтыр 1290 тұлға сыбайластыққа жол беріп, қылмыс жасаған. Оның 25-і республикалық, 91-і облыстық, 142-сі қалалық және аудандық деңгейлердегі басшылар. Міне, сондықтан, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне баса назар аударып отыр. Президенттің «Ақорда» резиденциясында өткізген алғашқы кеңесінде алдымен сыбайластыққа тосқауыл қоюды тапсыруы – соның дәлелі.

Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басты міндеті – азаматтардың құқығынсақтау болуы тиіс. Бұл сөзді Президент Түркістан облысына барған бірінші жұмыс сапарында қадап айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев заңнан жоғары ешнәрсе болмауы керектігін, мемлекеттік  органдар басшыларына  халықпен күн сайын бірге болып, қоян-қолтық жұмыс істеуді, жемқорлықпен күресті күшейте түсуді қатаң ескертті. Бұл – елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бұрынғыдан да пәрменді, ымырасыз жалғаса беретінінің көрінісі.Жалпы мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы бірлесе күрес жүргізуі керек. Сонда ғана азаматтардың санасы  қоғамдағы кез келген жемқорлық әрекеттерін қабылдамайтын болады. Оған мүлдем төзбеушілік және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптасады. 

Азаматтық қоғам өкілі, Әдеп жөніндегі кеңесмүшесі ретінде байқағаным, соңғы жылдары жемқорлықпен күрес, оның алдын алу тәсілдері  жаңаруда. Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағыжолдаған Жолдауында ұсынған«Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасының аясында «Жамбыл – адалдық алаңы» офисі жұмыс істей бастауы –соның бір көрінісі. Нәтижесінде арнайы мониторингтіктоп жергілікті атқарушы органдармен тығыз қарым-қатынас орнатып, өңірдегі көкейкесті мәселелерді дер кезінде қарап,шешуге өз ықпалын тигізуде.Ол туралы облыс тұрғындары әлеуметтік желі –

«Facebook»-тен оқып-біліп отыр деп ойлаймын.Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыс бойынша департаментінің қызметкерлері және «Жамбыл – адалдық алаңы» офисі тұрғындармен тікелей және керібайланыс орнатқан. Ашықтық және жемқорлық сипатындағы әрекеттерді бірден хабарлау үшін барлық Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің ұялытелефондарының нөмірлері жарияланды.

Облыстық Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері де тұрғындармен байланысын нығайтуға мән беруде. Мысалы мен ақпан айында Қордай ауданында 4 азаматты жеке сұрақтары бойынша қабылдап, сауалдарына түсініктеме бердім.Ал жұмыссыз жүрген, тұрмысы төмен, екі балалы Н.Т.есімді анаға атаулы әлеуметтік көмек алу үшін тіркеуге тұруына көмектесіп,мәселесін жергілікті атқарушы органдармен бірге шешіп,өтінішін қанағаттандырдық.

Қазір Президент қойған талапқа сай,барлық мемлекеттік органдардың басшылары «Фейсбукте» өзаккаунттарын, парақшаларын ашып, күнделікті жұмыстары туралы фото-видео ақпараттарынжариялауда. Бұл тұрғындармен кері байланыс орнатып, көкейкесті сұрақтарға, шұғыл жауап табуға ықпал етеді. Жариялылықты сақтаудың жолы да – осы. Әлеуметтік желіні тиімді пайдаланып отырғандардың қатарында барлық қала, аудан әкімдіктері, облыс әкімдігініңбілім, туризм, мәдениет,архивтер және құжаттама, ауыл шаруашылығы басқармалары, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыстағы департаменттері, полиция департаменті, тағы басқалары бар.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігініңоблыстағы департаменті көп іс-шаралары тікелей эфирде ашық жүргізуде.Жуырда ғана арнайы топжоғарғы оқу орындарында сауалнама жүргізіп, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне бейім кейбір оқытушылардың аты-жөндерінанықтады. Бұл мәселеоқу орындарында өткен жиында қаралып, басшылары тиісті шаралар қолданды. Сол сияқтықұпияқызмет алушыларжүргізушілердің куәлігі кейбір аудандық арнайы қызмет көрсету орталықтарында делдалдар арқылы азаматтарға жасырын сатылатыны, автомобильдердің техникалық бақылауы формальды түрде жүргізілетінін анықтаған.

Бүгінге дейін Равиль Тулебаев басқарып отырған департаменттің ықпалымен өңір бойынша сатушылары жоқ 222 адалдық дүкеніашылып отыр.Жүргізілген нақты жұмыстың нәтижесінде мектеп директорларыкең кабинеттерін босатып,келушілерге жақын болу үшін,шыға беріске жақын,шағын ашық кабинеттерге көшуде.Сондай-ақауылдық жерлердегі кітапханаларда 71 цифрлық ақпараттық орталық ауыл тұрғындарына қызмет істеуде. Мектептерде 392 «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы, жоғары және орта оқу орындарында «Саналы ұрпақ» ұйымдары жұмыс істеуде.Көңілге қонатын бір мәселе – «Facebook» -те Агенттік төрағасы Алик Шпекбаевтың мемлекеттік қызметшілерге арналған  құнды кеңестері, ұсынымдары мен талаптары жиі жарияланып тұратындығы.Бәрі түсінікті, қарапайым тілде жазылған. Бұл өте дұрыс!

Мәселен өзімА. Шпекбаев мырзаның 5 сәуірде«Адалдық,ашықтық, жауапкершілік, есеп берушілік»тақырыбындағы әлеуметтік желігежарияланған жазбасын қызыға оқып шықтым. Қалың жұртқа осындай түсінікті форматта  қызмет көрсету саласында еңгізіліп жатқан жаңа тәсілдегі жобалар туралы мәліметінің пайдасы зор. Орайы келгенде, Агенттік басшылығына  бір  ұсыныс айтқым келеді. Қазіргідей барлық салаға сандық технология енгізіліп жатқан кезеңде, түрлі әлеуметтік желінің ықпалы жүріп тұрған уақытта мемлекеттік қызметшілерге ұялы телефондарын  пайдалануға рұқсат беру керек деп ойлаймын.

Мемлекеттік, құқық қорғау органдарымен қатар, барша қоғам боп күрескенде ғана жемқорлықты жеңуге болады. Сондықтан  «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыс бойынша департаменті, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы Қоғамдық кеңесі, кәсіпкерлік палатасы, ардагерлер кеңесіжәне облыстық қоғамдық кеңеспен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара іс-қимыл жасау туралы уағдаласып, Меморандумқабылдап отыр. Аталған ұйымдардың, азаматтық қоғамның  өкілдері барлық салада сыбайлас жемқорлық денгейін төмендетуге,қоғамда жемқорлыққа нөлдік төзімділік танытуға бар күш-жігерін аямайды деген ойдамын.

Қасымхан Төлендиев,

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа

қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ

Жамбыл облыстық филиалының директоры