Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршамызға міндет

60

Қаратау қаласы әкімшілігі ғимаратының мәжіліс залында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Жамбыл облысы филиалының басшысы Қасымхан Төлендиев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» атты тақырыпта ауыл шаруашылық, ветеринарлық қызмет саласы мамандарының қатысуымен  кездесу  өткізді.

  • Қазіргі саясат — сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, коррупцияға қарсы мемлекет пен қоғамды біріктіру. Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде айтқан 10 маңызды бағытының екінші, яғни «Сыбайлас жемқорлықты жою» және биыл мамыр айындағы арнайы кеңестегі  «Жемқорлыққа қарсы жеті қадам» туралы пікір алмасу және «Жамбыл-адалдық алаңы» жобасының нәтижелі жұмысына тоқталу, — деп жиын барысын «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Жамбыл облысы филиалының басшысы Қасымхан Төлендиев нақтылап қойды.

Одан әрі аудан әкімінің орынбасары С.Дадабаев Жамбыл облысында  «ЖАҢАРУ» РҚБ филиалы құрылғалы өңірде жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру бойынша кешенді шаралар ұйымдастырып, Тараз қаласы мен облыстың барлық аудандарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы іс-шаралар өткізіліп жатқанын жеткізді. 

«ЖАҢАРУ» РҚБ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қоғамдық кеңесімен, Қазақстанның кәсіподақ федерациясымен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасымен, барлық өңірлердің  әкімдерімен, Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен, Ауылшаруашылық Министрлігімен және басқа да ұйымдармен жасасқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара іс-қимыл бойынша меморандумдар мен келісімдер жасасып, оң  нәтижесін беріп жатқаны туралы мәлімдеді.

Жиынға қатысқан аудандық Ардагерлер алқасының төрағасы Б.Көлбайұлы  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жою мәселесі туралы айтылған ойларды қуаттап, Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Қасымхан Төлендиевке  осындай ашық кездесу ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, жиынға қатысушыларды тәуелсіз Қазақстанды жемқорлықтан ада етуге шақырды.