Сыбайлас жемқорлыққа төзуге болмайды.

95
Сыбайлас жемқорлық – мемлекетке және тұрақты қоғам өміріне қатер төндіретін күрделі әлеуметтік құбылыс. Сыбайлас жемқорлық көріністері байқала бермейді. Сөйтіп, пара беру және алу, лауазымды тұлғаның өзінің қоғамдағы мәртебесін заңсыз пайдаланудың барлық түрін сыбайлас жемқорлық деп түсінуге болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қандайда бір өзіне тиесілі емес ресурстарды өз еркімен бөлетін басшы адамның бәрі де ұшырауы мүмкін. Ол қоғам және мемлекет мүдделеріне қайшы, өзінің жеке немесе белгілі бір сыйақыға басқа тұлғалардың мүдделері үшін әрекет ететін шенеунік, депутат, сот, құқық орғау органының қызметкері, әкімші, емтихан алушы, дәрігер, лауазымды тұлға болуы мүмкін.
БҚО ТЖД Бөкей ордасы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мемлекеттік органдары қатарына жататындықтан материалдық-техникалық, ақпараттық-кадрлық ресурстарды басқару, тіркеуге алу және бақылау-қадағалау қызметін атқару, жеке және заңды тұлғалармен байланысы жиі болып тұрады.
Бөлім қызметкерлерінің бір міндеті кәсіби және қызметтік этиканың жалпы принциптерін және негізгі қызметтік әрекеттерді қатаң сақтау болып табылады. Мемлекеттік орган басшылығы келеңсіз салдарлардың алдын алу үшін қызметкерлердің бойында сыбайлас жемқорлық көріністеріне теріс көзқарас қалыптастыруға ерекше назар аударады. Осыған байланысты бөлім қызметкерлері үшін семинарлар ұйымдастырылады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы дәрістер оқылады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдардың негізгі ережелері түсіндіріледі, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін заңды жауапкершілік сұрақтары талқыланады, әртүрлі мүдделілік жанжалды жағдайлар және оны шешу жолдары тетіктері қаралады, тәуелсіз тестілеу ұйымдастырылады.
Бөкей ордасы ауданының азаматтық қорғаныс гарнизонында адал және тәртіпті, кәсіби білімді, жоғары біліктілігі бар қызметкерлердің қызмет атқарып жатқанын мақтан тұтуға болады. Негізгі кадрлардың құрамы осы жұмыста 6 -15 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан, қызмет беделі мен мемлекеттік қызмет көрсетуге енжер қарамайтын адамдар.
Әркім өзі қатысатын құқықтық қатынас тек құқықтық алаң шеңберінде болғанын қалайды. Біз үшін мемлекеттің қорғауында және ертеңгі күнге сенімді қарау өте маңызды. Біздің қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзімсіздік таныту – құқықтық мемлекеттің маңызды құрамдас бөлігі.

 

БҚО ТЖД Бөкей ордасы ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығыазаматтық қорғау капитаны А.СагитовСыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мемлекеттік органдар жұмысының негізгі бағыты.

Қазақстан Республикасы мақсатты және сатылы түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді, әлемдік стандарттарға сай келетін иниституттар мен механизмдерді құру бағытын ұстанып келеді. Бұл орайда басты вектор – жемқорлықты ұлттық қауіпсіздігімізге тікелей қауіп төндіруші қатарына жатқызып, осы келеңсіз құбылыспен күресте мемлекет пен қоғамның күшін біріктіруге бағыт беретін «Қазақстан-2050» стратегиясы.

Еліміздің басты стартегиялық құжаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі перспективті жоспарлауды айқындап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді шараларын сатылы іске асыруда басты орын алып отыр.
2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданған соң сыбайлас жемқорлық көріністерінің пайда болуының алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тәсіліне көшу айқын белгіленді. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы превентивті шараларды іске асыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің негізгі қызметі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, оған әкеп соғатын шарттар мен себептерді анықтау және барынша азайту сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінің негізгі бөлігі.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидасы бекітілді. Аталған қағидаға сәйкес, әрбір мемлекеттік орган өз қызметіндегі сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасауға әкеп соғатын жағдайлар мен себептер, шарттарын зерделеп, талдап, анықталған тәуекелдерді жою немесе барынша азайту бойынша шаралар алуы тиіс.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау екі бағытта жүргізіледі: мекеме қызметін реттеуші нормативтік құқықтық актілердегі тәуекелдерді анықтау және мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Әкімшілік кедергілер, реттеуші құжаттары жоқ функциялар, қызмет алушы мен қызмет көрсетуші арасындағы тікелей қатынас, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілмеген «жасырын» қызметтер, нормативтік құқықтық актілердегі кереғарлық, кадр ауысушылығы, орган немесе ұйым қызметі механизмдерінің қоғам үшін жабықтығы немесе қиындығы жоғарыда аталған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасауға жол беретін алғышарттарды анықтау критерийлері.
Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті тарапынан 2017 жылы 25 мемлекеттік орган мен ұйым қызметіне талдау жүргізіліп, нәтижесінде 242 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталған болса, өткен жылы облысымыз бойынша 270 мемлекеттік орган мен ұйым ішкі талдау жүргізіп, оның қорытындысында 59 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталып отыр.
Бұл жағдай превентивті шаралар алу арқылы жемқорлықтың түп тамырын жоюға бағытталған ел саясатын іске асыруда мемлекеттік органдардың әлі де жұмыстануы қажет екенін көрсетеді.
М.Елдосов,
Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің
Бөкей ордасы ауданының
ТЖ бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты