Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары жалғасуда

93

Жуырда ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Мемсараптама» РМК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан жұмыстар төңірегінде кездесу өтті.

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Ақтөбе облысындағы филиалының Облыстық кеңесінің хатшысы Ақтолкын Маулетова «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия» туралы қысқаша баяндама жасап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша түсінік берді.

Семинар жұмысына аталмыш мекеменің басшысы және оның қарамағындағы қызметкерлері де белсенді қатысып, өздерін толғандырған сұрақтар бойынша тиісті жауаптар алды. 

Шара барысында аталмыш тақырыпта бейнероликтер көрсетіліп, сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бағытталған буклеттер таратылды.

Басқосуда семинар тақырыбына сәйкес өзекті мәселелер көтеріліп, сұрақ-жауап форматында жалғасты.