Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдар менорталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсетеді.
Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Серік Айдарбеков Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында өз баяндамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларымен таныстыруға бағытталған дәріс өткізді.
Лекция барысында мемлекеттік аппарат арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзектілігі белгіленді. Тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алудың жаңа әдістері ұсынылды.
МҚІжСЖҚА СҚО бойынша
департаментінің баспасөз қызметі